/

Бір тиын бөлінбей-ақ рухани дамуға болады

1449 рет қаралды

«Жаңа Қазақстан – жаңа руханият» атты аймақтық халық театрлары байқауына арнайы бөлінген қаржы жоқ. Мақсат ауыл мәдениетін көтеру. Халықаралық театр күніне орай  ұйымдастырған шарада  «Хантәңірі» және «Қарадала», Кеген аудандық халық театры мен «Қаракемер» театрлары өнер көрсетеді.

Бұл – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі театр және кино актеры, режиссер Асқар Наймантаевтың бастамасы. Режиссердің  мақсаты  – ең алдымен материалдық байлық қуған қоғамның ойын рухани байлыққа бұру.

«Алғаш рет өткізгелі отырған осындай мәдени шараны Райымбек, Кеген, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарындағы театрлар өзара келісіп, «көрпесіне қарай көсіліп», ауыл арасы жақын болғандықтан өз көліктерімен  келіп-кете алатын болып, келетін адамдардың да санын азайтып, көрермен көңілінен шығатын қойылымдарына қатысатын артистермен ғана келуге келісті. Фестивальді ұйымдастыруды өз мойнына алған «Қарадала» театры дәстүр бойынша қонақтарды қарсы алып, салтанатты түрде қызыл кілемнің үстімен шеру жасата жүргізіп, сахна бағдарламасының ашылу мен жабылу бөлімдері мен дастархан жаю қызметін ұйымдастырып жатыр».

Фестиваль аясында осы аудандардағы театрлар болашақта бір-біріне баратын гастрольдік сапарлар кестесін келісіп, ауылдағы театрлардың ендігі  іс-жоспарларын, тәжірибе алмасу, білім жетілдіру, репертуарлық саясатын, қандай кәсіби көмекке мұқтаждығын ақылдаса шешіп, келісіп отыратын семинарлар мен форумдар өткізу мәселелерін талқыланады.

Бұл үлкен істің бастамасы ғана. Тұңғыш аймақтық фестиваль келешекте жалғасын тауып, қатысушылардың қатары көбейіп жатса құба-құп” – дейді Асқар Наймантаев. Болашақта фестивальде өнер көрсетуге көрші қырғыз елінің аудан театрларын шақыру жоспарлануда.

Парақшамызға жазылыңыз

Ботагөз Жөкен

Ботагөз Жөкенқызы.
1999 жылы әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп,
2001-2003 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
1999- 2001жылдар аралығында «Алтын орда» газетінде тілші,
2003-2005 жылдар аралығында "НТК" телеарнасында редактор, 2005-2016 жылдар аралығында «Алматы" телеарнасында редактор қызметін атқарды.
Бейбіт Құсанбек атындағы байқаудың лауреаты.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері