///

Медианың негізгі машықтары: Сәтті репортаждың құпиясы неде?

897 рет қаралды

Қыркүйектің 6-сында “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Медианың негізгі машықтары” мектебі өз жұмысын бастады.

Тренингтің екінші күнінде қатысушылар ақпаратқа қол жеткізу, ашық дереккөздерімен жұмыс және мультимедиалық журналистиканың қыр сырымен танысты.

Екінші күннің тренерлері Есенгүл Кәпқызы және Бақтыгүл Бурбаева. Тренингтен кейін белгілі ресейлік журналист, заманауи репортаждардың авторы Павел Селин сәтті репортаждың құпиясы туралы әңгімеледі.

Оның айтуынша репортаж бастаудың алдында үш маңызды сауалға жауап беру керек: Ол не жайында әңгімелейсің, жұртты немен таңғалдырасың (несімен ерекше), оны неге дәл осы уақытқа дайындап жатырсың немесе неге бүгін деген сауалдарды ойластыру керек.  Осы сауалдарға жауап бере алсаң, сенің репортажыңның бас аяғы жұмыр, жақсы ойластырылған дүние болуы мүмкін. Ал оқырманның көңілін аулау үшін қандай композиция ойластырған жөн? Бұл ретте деректі фильм бес негізгі композициядан тұрады. Оның ең бастысы әрине завязка. Егер сіз сюжет басталған кезде адамдарды еліте білмесеңіз, оны арықарай көру мүмкін емес. Сосын есте қалатын дүниелерді соңына сақтау керек. Ал арасындағы сәтті шегіністер, кульминация және шешім, бұның бәрі де сәтті ойластырылуы керек. Толығырақ видеодан көріңіздер. 

Шараға қазақ Қазақстанның 20 қаласынан қазақ-орыс тілдерінде 50-ден астам адам қатысып жатыр.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,