Белгілі тәуелсіз журналист, DAT жобасының атқарушы редакторы Бақытгүл Мәкімбай 59 жасына қараған шағында дүниеден озды.
Бақытгүл Мәкімбай 1962 жылы 15 қазанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол өмірін тәуелсіз журналистикаға арнады. «Дат» газеттер жобасында (СолДАТ, Жұма Таймс, Тасжарған, Айна-Плюс, Бүгін-Сегодня, Общественная позиция басылымдарында) ұзақ жыл қызмет етті. Журналистикадағы еңбегі үшін Сорос халықаралық қорының «Батылдық пен табандылық үшін» сыйлығының лауреаты атанды. 2002 жылы СолДат редакциясына жасалған шабуыл кезінде соққыға да жығылды. Бақытгүл Мәкімбай кәсіби қызметінде қылмыстық қудалауға да ұшырады.
Dat газетінің бас редакторы Ермұрат Бапи “Қош бол, Бақан! Бақалөгім менің!… 23 жыл жаңылмай жүрген “ДАТ”-ың сенсіз жетім қалды!…” – деп жазды Facebook парақшасында.
Фейсбук парақшасы бүгін қара жамылды, белгілі журналист Бақытгүл Мәкімбайдың қазасы жайлы Ерлан Қарин, ҚР Президентінің кеңесшісі: