/

Әлем кубогі: Милад Карими екінші алтын медалін жеңіп алды

278 рет қаралды

Фото: t.me/olympickz

Дохада спорттық гимнастикадан өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде Милад Карими екінші алтын медалін жеңіп алды.

Қазақстандық гимнаст кеше еркін жаттығуда, бүгін кермедегі жаттығуда да жеңіске жетті.

25 жастағы Каримидің еншісінде әлем кубогі кезеңдерінің жеті алтын медалі бар.

Осыған дейін Милад Осиек – 2021, Баку- 2023, Доха – 2024, Котбус – 2025, Осиек – 2025 және Доха – 2025 кезеңінде екі мәрте жеңіске жетті.

Осылайша ол жеті алтын медалі бар басқа бір қазақстандық гимнаст Нариман Құрбановты қуып жетті.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар