Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Байдарка мен каноэде ескек есуден Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын жүлдесін иеленді.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі ол жүлдені жұптық жарыста сынға түскен тәжірибелі Ольга Шмелёва мен Артём Терещенко жеңіп алғанын хабарлады.
Байдаркамен 500 метрде ешкімге дес бермеген қазақстандықтар қарсыластарынан оқ бойы озық болды.
Осыған дейін Ольга Шмелёва Ирина Подойниковамен бірге топ жарған еді.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз