///

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде жеңіске жетті

77 рет қаралды

Фото: Сали Сабиров, olympic.kz

Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан әлем чемпионаты аяқталғанын хабарлайды ҚР ұлттық олимпиадалық комитет.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста он медаль жеңіп алды, оның жетеуі – алтын. Нәтижесінде отандастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасты (жеті алтын, бір күміс және екі қола).

Екінші орынға Өзбекстан құрамасы ие болды – алты алтын, екі күміс, үш қола. Үндістан екі алтын, бір күміс және бір қола жүлдемен үшінші орынға тұрақтады.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеті алтын медальмен аяқтады. Бірінші орын иеленгендер: Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін).

Назым Қызайбай (48 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Виктория Графеева (60 келіге дейін) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдемен ерекшеленді.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар