////

Есте қалсын, құдыретті қоңыр әуен

226 рет қаралды

Қабылаш Әбікейұлы:  Арманым шофер болу

Біздің заманымызда «туу туралы куәлік» деген болмаған. Мен туған жыл, ай, күнімді әкемнен әдейілеп, сұрап білген едім. Әкем: «Мен барлауда 2-3 ай жүріп, қазан айының 10-да келдім, сен туғалы 5-ақ күн болған екен».Бұл 1945 жылдың күзі.

Шешеміз менің үш жасымда, ал апайым Ықай 5-6 жасында қайтыс болыпты. Түр-тұлғасы есімде қалмапты.

Бір әке, екі шешеден үш ұлы, бес қыз, сегіз ағайынды едік…

Кіші шешем Мағира Смағұлқызы бәрімізді ержеткізіп, асырап, бақты. Жақсылығын өтей алдық па, өтей алмадық па деп аруақтарын еске алып, әрқашан басымды иіп, ардақтап жүремін.

1952 жылы Моңғолияның шығыс аймақтарындағы кен орындарын игеру үшін батыс аймақтардан келісім-шартпен көштік. 1960 жыл Төв аймақтың «Зоргол-Хайрхан» шахтасына көшіп келдік. Жаңа жерде мектеп жоқ болғандықтан «18 жастамын» деп 100 метр тереңдіктегі вольфром шахтасына вогонға жүк тиеуші болып жұмысқа кірдім.

Жасымнан өнерге жақын болдым. Бір жолы қаладан драма театрдың әртістері келіп спектакль қойды. Біз өз концертімізді көрсеттік. Оларды бастап келген кісі: «Жасың нешеде, моңғолша таза сөйлей аласың ба?» деген сынды сұрақтар қойды. «Оң жақ құлағы аздап қалқаңдау болмаса, жарап қалар, мүмкіндігі болса қалаға келіп, кастингке түссін» деп жатты. Кинаоға басты рөлде ойнайтын жастарды іздестіріп жүр екен.

1962 жылы Ұланбатыр қаласында жаңадан құрылып жатқан Опера және балет театрының хор класына қабылдандым.Күзде кастингтен өттік. «Сенің түр-тұлғаң, бет-бейнең моңғол адамға ұқсамайды екен» деп қайтарды.

«Қазақпын» деген ұғым ғана бар еді. Орта жүздің Абақ Керейінің Шеруші руының Бақаты екемін. Ұлы атам Егізбайұлы Тоқтабай.   Шын атым Қабдыл-Әшім екенін нағашым Жылыбайдан білдім.

1963 жылы жұмысты тастап, Өлгейге келдім. Әкем автобазға слесарь көмекшісі етіп жұмысқа кіргізді. Арманым шофер болу.

Жұмысқа кіргелі бір аптада болмап еді, аймақтың мәдениет басқармасынан шақырып жатыр деген соң бардым. Мәдениет басқармасының бастығы Зиядабек: Сен бала жұмысты тастап неге қашып кетесің? Театрдан іздеп жатыр,- деді.- Өзіміздің театрға әнші болып кіресің, сонда ғана сені алып қала аламыз. Амал жоқ драма театрына әнші болдым.

1966 жылы Қазақстанда Моңғолияның мәдениет күндері өтті. Осы құрамда мен алғаш рет Қазақстанға аяқ бастым. Жазушылар одағындағы кездесуде үлкен жазушылардың бәрі болды. Сәбең-Сәбит Мұқанов: «Сен бала әлі жас екенсің. Оөқып білім алуың керек. Оқысаң осында келіп Алматы консерваториясында оқы. Біз көмектесеміз» деді.

Күзде аймағымызға МХРП-ның бас хатшысы Ю.Цэдэнбал келді. Концертімізді тамашалады. Секеңнің құрметіне арналған дастарханда: «Сен әлгі ән айтқан жігітсің бе, есімің кім?-деді. Мен атымды атағанда: «Мына жігітті оқуға жіру керек» деді. Сөйтіп мен 1967 жылы Болғарияға аттанып кеттім. (жалғасы бар)

Дайындаған: Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

«Сен провокаторды жұмыстан шығарады деп үміттенем»: Димаш Құдайбергенов тіл мәселесін қозғаған Олжас Байділдиновты қатаң сынады

Қазақстанның энергетика саласындағы сарапшысы Олжас Байділдинов 2024 жылы ресейлік бұқаралық ақпарат құралына берген сұхбатында қазақ тілінің