Елена Рыбакина екінші рет Қазақстанның «Жыл спортшысы» атанды

52 рет қаралды

Фото: ktf.kz

Алматыда спорт пен бизнес саласындағы үздіктерді анықтайтын алғашқы ұлттық Metaratings Top Awards сыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Биыл үшінші рет ұйымдастырылған беделді шараның жеңімпаздарын халықтық дауыс беру нәтижесі мен қазылар алқасының таңдауы негізінде арнайы сарапшылар анықтады. Дауыс беру қорытындысы бойынша отандастарымыздың қолдауына ие болған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ең көп ұпай жинап, «Жыл спортшысы» номинациясын жеңіп алды. Айта кетерлігі, Елена бұл марапатты екінші рет иеленіп отыр, ол бұған дейін 2024 жылы да спорт жанкүйерлерінің таңдауымен үздік деп танылған еді.

Теннисшінің мұндай жоғары бағаға ие болуы кездейсоқ емес. Өткен 2025 жылы Рыбакина өзінің мансабында алғаш рет WTA Finals қорытынды турнирінде топ жарса, 2026 жылдың басында Australian Open жарысында жеңіске жетіп, мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» титулын қоржынға салды. Биылғы маусымда Елена әлемдік рейтингтің көшбасшысы болу үшін қызу күрес жүргізіп жатыр және қазіргі уақытта WTA тізімінде екінші орында тұр. Жақында ғана отандық теннисші Лондондағы WTA 500 турнирін сәтті бастап, жанкүйерлерін кезекті жеңістерімен қуантуды жалғастыруда.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар