//

36 спортшы бар, нешеуі ойда?

55 рет қаралды

Италияда өтетін 2026 қысқы Олимпиадаға баратын Қазақстан командасының толық құрамы белгілі болды. Ол ақпарат ҚР туризм және спорт министрлігінің ресми телеграм аккаунтына шықты.

Ақпаратта ақпанның 6-сы мен 22-сі аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының 36 спортшысы туралы ақпарат берілген.

Қазіргі таңда ел спортшылары еншісіндегі лицензия мынадай:

Фристайл-могул – Павел Колмаков, Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Анастасия Городко.

Фристайл-акробатика – Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас.

Биатлон – 2 ер, 2 әйел спортшы (баратын спортшылар есімі Ұлттық құрама бапкерлер кеңесінен кейін анықталады)

Тау шаңғысы спорты – Ростислав Хохлов, Александра Скороходова.

Шаңғы қоссайысы – Шыңғыс Ракпаров.

Шаңғы жарысы – Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина.

Шаңғымен тұғырдан секіру – Данил Васильев, Илья Мизерных.

Конькимен жүгіру спорты – Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.

Шорт-трек – Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.

Мәнерлеп сырғанау – Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.

Бұл жолдамалар былтырғы және биылғы маусымда өткен лицензиялық кезең нәтижесінде қолға түскен лецензиялар.
Айта кететін тағы бір жайт алдағы уақытта Халықаралық Олимпиада комитетінің есебінен қосымша жолдамалар берілуі мүмкін.

Олимпиада лицензиясына қатысты қорытынды ақпарат қаңтардың аяғында белгілі болады.

XXV қысқы олимпия ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Ту — тек мата емес, тағдыр

Фото: sports24.kz Өткен аптада ел журналистері мен әлеуметтік желідегі белсенділер Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның