//

«Қозғалыс ағынына ілесе алмау да апатқа себеп болады»:  Қазақстандағы жол апаттарындағы өлім-жітім неліктен артуда?

66 рет қаралды

Қазақстанда халық көп шоғырланған аймақтарда жол-көлік апатынан қаза тапқандар саны басқа өңірлермен салыстырғанда көбірек. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұсынған ақпаратқа сәйкес соңғы 5 жыл ішінде Қазақстанның Жетісу (94.20), Алматы (86.72) және Жамбыл (79.51) облыстарында жол-көлік апатынан қайтыс болғандар саны ең көп тіркелген. Осы көрсеткіш көрсетілген аймақтардағы халық санының көп болу себебімен байланысты болуы мүмкін. 

Жалпы жол-көлік апты өлім себептерінің ішіндегі жиі кедесетін факторлардың бірі болып саналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның деректеріне сәйкес, Қазақстандағы өлім себептерінің ішінде жол-көлік апаты 10-ыншы орында тұр. Бұл 2021 жылғы деректерге сәйкес ақпарат, одан бері арада 5 жыл өтті. Қазіргі таңдағы динамика басқаша болуы әбден мүмкін. Сол себепті, біз жол-көлік апаттарынан қаза тапқандар санын, олардың негізгі себептері мен шешімін зерттеп көрдік.

Соңғы бес жылда Қазақстанда жол-көлік апаттарынан 100 мың адамға шаққанда жалпы саны 1244 адам қаза болған. Бұл көрсеткіш еліміз бойынша шамамен 9 пайызға артқан. Өңірлер арасында Жетісу облысы бірінші орында көш бастап тұр. Мұнда 100 мың адамға шаққанда 17.71% өсім тіркеліп, 94 адамның қазасы анықталған. Тізімдегі келесі орындарда Алматы облысы (86 адам) және Жамбыл облысы (79 адам), олар да жол апатынан болған өлім-жітім бойынша жоғары деңгей көрсетіп отыр. Басқа өңірлердегі жағдайдың қалай өрбіп жатқанын және толық динамиканы визуализация кестесінен көре аламыз.

Енді осы өңірлердегі жол апаттарының жиілігі халық санының тығыздығымен байланысты ма деген сұраққа қайта оралайық. Халық көп шоғырланған қалаларда көлік қозғалысының да қарқыны жоғары болатыны белгілі. Мысалы, Алматы сияқты мегаполистерде жұмыс пен оқу аяқталатын уақытқа қарай кептеліс күшейіп, көлік ағыны бірнеше есе артады. Ал ауа райы күрт нашарлаған сәттегі ұзаққа созылатын кептелісті айтпаса да болады. Мұндай жағдайлар жүргізушілердің асығыс әрекетке баруына, жол ережесін бұзуына және ақырында жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әкеліп жатады. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, халық ең көп шоғырланған өңірлердің алғашқы үштігіне: бірінші орынға – Түркістан облысы, екінші орынға – Алматы қаласы, ал үшінші орынға – Алматы облысы кіреді. Бұл көрсеткіштер жол апатынан қаза тапқандар жөніндегі топ үштікпен толық сәйкес келмесе де, белгілі бір байланыс бар екенін байқауға болады. Мәселен, өлім-жітім бойынша үшінші орында тұрған Жамбыл облысы халық саны бойынша тізімде бесінші орында. Ал Алматы облысы екі дереккөзде де екінші орыннан көрінеді. Бұл жағдайды толыққанды статистиканы байқай аламыз.

Біз көтерген тақырыптың негізгі қырларын талдап, статистикалық деректерді сараладық. Енді осы проблеманың нақты зардап шегушілері кім деген сұраққа тоқталайық. Нақтырақ айтқанда, жол-көлік апаттарынан кімдер және қай жастағы адам жиі қаза табатынын қарастырайық.

Соңғы бес жылдың динамикасын зерттеу нәтижесінде 100 мың адамға шаққанда 45–49 жас аралығындағы азаматтардың жол апатынан ең көп қайтыс болатыны анықталды. Бұл күткеннен өзгеше нәтиже. Себебі көп жағдайда біз жол апаттарының негізгі себебін жүргізуші куәлігі жоқ, мас күйінде көлік жүргізетін немесе ережені сақтамайтын жастардан көреміз және зардап шегетіндер де солар деп ойлаймыз. Алайда статистика мүлде басқа картинаны көрсетіп отыр. Айта кету керек, 45–49 жас – орта жастағы адамдар санатына кіреді. Ал 44 жасқа дейінгі топтар – жастар санатына жатқызылады.

Проблеманың себептері және онымен күрес

Осылайша, біз жол апаты мен оның кесірінен өлім кешкендірдің көбеюі сол аймақтағы халық санымен байланысты екенін байқай аламыз. Десе де, халық санының көбеюі жол апатының себебі болмайтын да ескеруіміз қажет. Жол-көлік апаттарының себептері жайлы Қайсар Сұлтанбаев 2024 жылы баяндама жасаған. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, адам шығынына әкелетін апаттың жиі кездесетін үш түрі бар: көліктердің бір-бірімен бетпе-бет қақтығысуы; автокөліктің аударылуы және жаяу жүргіншіні қағып кету жағдайлары. Ал, жылдамдықты арттыру – аталған жол апатының негізгі себеп саналады. Тек жылдамдық мәселесі емес, Қайсар Сұлтанбаев жол апаттары көбінен жолдағы көлік тәртібінің төмендігінен орын алатынын атап өтті. Яғни, қарама-қарсы бағыттың жолына шығу, жылдамдық нормаларын сақтамау, мас күйде көлік жүргізу және басқа да жол ережелерін бұзу жолдағы қақтығыстар мен апаттарға алып келеді.

Полиция комитеті төрағасы жол апаты мен оның салдарымен күресуде жүргізілетін шаралар жайлы да сөз қозғады. Жолдағы жүргізушілерге жүргізілетін бақылау күшейтілген. Тәртіпті күшейту мақсатында камералардың көмегімен жол-жүру ережелерін бұзу фактілерін анықтап, әкімшілік қамау, айыппұл және жүргізуші куәлігінен айыру деген секілді шаралар қолданылып жатыр. Бұл орайда айыппұл тек көлік жүргізушілеріне емес, жаяу жүргіншілер тарапына да қолданылатын айтып өтейік. Сонымен қатар жолдағы апат мәселесін шешуде қала маңындағы жолдарға да назар аудару маңызды. Жолдағы барлық апаттың 50 пайызы дәл сол қала маңындағы жолдарда орын алады екен. Бұл көрсеткішті азайту үшін замануи магистральдар жабдықталып жатқаны айтылды. Бірінші сенаттағы жолды құру «Астана-Қарағанды» жолының мысалында апаттар санын 4 есе қысқартқан болса керек.

Жолдағы жағдайды ретке келтіру барысында жүргізушілерді оқыту мен тәжірибесі аз жүргізушілерге көңіл бөлу де маңызды. Полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев та осы мәселеге тоқталып өтті. Жолдағы көлік қозғалысының сапасына автомектептерге қойылатын талаптардың жеңілдеп кеткені де әсер етеді. Сол себепті соңғы уақытта автомектептер мен жүргізуші куәлігін алуда бірқатар өзгеріс болды. Мысалы, енді автомектепте оқығаны туралы куәлік электронды түрде беріледі және оны бекітілген уақытынан ерте алу, өздігінен қолдан жасату сыңды әрекеттерге мүмкіндік бермейді. Көлік айдауға ниет білдіргендер екі жарым ай мектепте жол жүру ережесін оқып, көлік айдауды үйреніп барып оқу аяқтағаны жайлы куәлік алады. Автомектепте білім алғанын растайтын қағазсыз мемлекеттік емтихандарды тапсыруға мүмкіндік берілмейді. Тиісінше, жүргізуші куәлігін алу да мүмкін болмайды.

Осы орайда, біз Алматыдағы автомекптердің бірінде жұмыс істейтін инструктор – Мағжанмен рөлге жаңа отырған жүргізушілер жайлы сөйлестік. Оның айтуынша, жолдағы көлік жылдамдығын қадағалау өте маңызды. Бірақ, жол апатына тек жылдамдықты асыру себеп емес.

«Көлік ағынының жылдамдығы деген ұғым болады. Егер айналаңыздағы көліктер баяу, ал сіз тез айдасаңыз ол жол апатына әкелуі мүмкін. Дәл солай, сіздің тым баяу, ал басқа көліктердің үлкен жылдамдықта қозғалуы да жолдағы қақтығыс пен кептеліске әкелуі мүмкін», – деп түсіндірді инструктор Мағжан.

Сонымен қатар көлік тізгінін енді ұстаған жүргізушілердің айналасындағы жағдайға жаяу жүргіншіге, жолдағы белгілерге, жанындағы көліктерге дұрыс көңіл бөле алмауы да бастапқыда жол апатына әкелуі мүмкін. Бұл қорқынышты жеңу мен тәжірибені талап ететін үдеріс.

Қазіргі жағдай/ қорытынды:

Жол апаты – адам өмірін бір сәтте өзгерте алатын жағдайлардын бірі. Оның салдары жүргізуші астындағы темірдің зақымдануынан басталып, адамның жарақат алып, тіпті өмірмен қоштасуына дейін жетуі мүмкін. Статистика – жыл сайын жол-көлік апатынан қайтыс болғандар саны артып жатқанын көрсетті. Бұл қорқынышты дерек көрінуі мүмкін. Дегенмен, көрсеткіштің астарында жыл сайынғы адам санының өсуі жатқанын да ескеру қажет. Еліміздегі көлік қозғалысы мәселесі төмен деңгейде деп те айта алмаймыз. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы мемлекет тарапынан жолдағы жағдайды жақсарту үшін түрлі шаралар қолға алынып жатқанын мәлімдеді. Десе де, жолдағы жағдай мемелекетке ғана емес, қозғалысқа қатысатын әр жүргізушіге де қатысты.

Материалды дайындаған:

Ақбота Абаева, 

Диана Тарлан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар