//

Қызылордада ауылдық клуб басшылығы 10 жыл бойы бюджет ақшасын жымқырып келген

18 рет қаралды
pexels.com

Қызылорда облысында ауылдық клуб директоры мен мекеме бухгалтері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Олар он жыл бойы қызметкерлердің жалақысы арқылы заңсыз схема ұйымдастырып келген.

Жымқыру схемасы қалай жұмыс істеді?

Бас прокуратураның мәліметінше, клуб директоры мен бухгалтер өз өкілеттіктерін асыра пайдаланған. Олар жұмысшылардың шотына тиісті мөлшерден артық жалақы аударып, кейін оны түрлі сылтаулармен кері қайтарып алып отырған. Олар «есептеуден қате кетті» немесе «шот бұғатталды» деген сылтауларды айтқан. Қызметкерлердің көбі басшылықтың бұл әрекеттері заңсыз екенін білмеген.

Осылайша, он жылдың ішінде мемлекет қазынасына 36 миллион теңге шығын келтірілген.

Сот үкімі және жазаның өзгеруі

Сот екі айыпталушыны да кінәлі деп танып, бастапқыда оларды 7 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Алайда, кейінірек сот бухгалтерге қатысты рақымшылық заңын қолданып, оның жазасын 4 жыл 8 айға дейін қысқартты.

Бұл шешіммен Бас прокуратура келіспей, кассациялық наразылық білдірді. Прокурорлардың айтуынша, бұл істе рақымшылық заңы бұрыс қолданылған.

«Бас прокуратураның наразылығы бойынша Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот апелляциялық инстанцияның қаулысын өзгертті. Нәтижесінде бухгалтердің жаза мерзімі 5 жыл 7 айға дейін ұзартылды», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Басқа да қылмыстар

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте де ірі жымқыру дерегі тіркелген болатын. Онда алма бағының басшысы жалған құжаттар толтыру арқылы бюджеттен 430 миллион теңге ұрлаған еді.

Назерке Ақберді

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Мұхтар Шаханов дүниеден озды

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері, көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған