/

Астанада тегін қазақ тілі курсына тіркелу басталады

419 рет қаралды
1

Фото: istockphoto.com

Елорда әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, Астана қаласында Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» мекемесі тұрғындарға арналған тегін қазақ тілі курсын ұйымдастырады.

Тіл үйренгісі келетін азаматтардан өтініштер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қабылданады, ал сабақтар 3 тамызда басталады деп жоспарланған. Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін оқыту форматы онлайн және офлайн түрде ұйымдастырылады, ал сабақтар аптасына 3 рет өтеді. Курсты толық аяқтаған тыңдаушыларға арнайы сертификат табысталады.

Тіл үйрену курсына тіркелу үшін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 209-кабинет мекенжайы бойынша жүгіну қажет. Құжаттар дүйсенбі мен жұма аралығында, таңғы сағат 07:30-дан кешкі 17:00-ге дейін қабылданады.

Қосымша сұрақтар мен толық ақпаратты +7 (7172) 24-90-52 немесе +7 707 497 71 43 байланыс телефондары арқылы нақтылауға болады.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Тіл бағдарламаларын жүзеге асыруға қаржы жеткілікті деңгейде бөлінуі керек қой. Тіл саясаты комитеті арқылы азын-аулақ қана ақша бөлінеді екен. Одан көбірек неге бөлінбейді деп ойлайтын шығарсыз. Ешқашанда көбірек бөлінбейді. Жемқордың жемсауына түсіп жатқан қаржы қайтарылмайды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар