Фото: election.gov.kz
Бүгін Президент Қ. Тоқаев ҚР Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Құрылтай сайлауы 23 тамызға тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын жариялады.

Фото: election.gov.kz
Күнтізбелік жоспарға сәйкес шілде айындағы шаралар келесідей. 1 шілде күні сайлау тағайындалады. 2 шілдеден 13 шілдедегі сағат 18:00-ге дейін партиялық тізімдерді ұсыну жүргізіледі. 23 шілдедегі сағат 18:00-ге дейін партиялық тізімдер тіркеледі. 11 шілдеге дейін аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары, олардың орналасқан жерлері жарияланады. 16 шілдеге дейін УСК құрамдары, сайлау учаскелерінің шекаралары және сайлау комиссияларының орналасқан жерлері жарияланады. 23 шілдедегі сағат 18:01-ден бастап 22 тамыздағы сағат 00:00-ге дейін сайлау алдындағы үгіт кампаниясы өтеді.
Тамыз айында келесідей шаралар жоспарланған. 2 тамыз учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша сайлаушылар тізімдері ұсынылады. 7 тамыздан бастап сайлаушыларды сайлаушылар тізімдеріндегі өздері туралы деректермен таныстыру басталады. 22 тамыз – тыныштық күні. 23 тамыз – дауыс беру күні.
Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы сайлаушыларға арнап үндеу жасады.

Фото: election.gov.kz
ОСК үндеуде сайлаушыларды азаматтық жауапкершілік танытып, мүмкіндікті пайдаланып, сайлауға келіп дауыс беру арқылы конституциялық құқығын жүзеге асыруға шақырады.
Парақшамызға жазылыңыз
