//

ҚР Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысым қорытындыларын жариялады

91 рет қаралды

Фото: ҚР Орталық сайдау комиссиясы

ҚР Орталық сайдау комиссиясы 23 тамыз сағат 20.00-де сайлаушылардың дауыс беруге қатысуының алдын-ала қорытындыларын жариялады. Осылайша еліміздің барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады.

Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге негізделген сағат 20.00-дегі өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беруге қатысымы бойынша мәлімдеме жасады:

Сурет ЖИ құралдарын пайдаланып жасалған

Осы уақытқа 9 352 151 сайлаушы бюллетень алған, бұл тізімге енгізілген азаматтардың сайлауға қатысымы 74,19% болды деген сөз.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Орталық сайлау комиссиясында 23 тамыздағы сағат 19:00-де ҚР шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте құрылған 79 сайлау учаскелерінің барлығы жұмысын бастағанын, 11 елде дауыс беру аяқталғанын хабарлады.

Министр берген мәліметтерге сәйкес шет елдерде тіркелген 11 402 сайлаушылардың 6007-сі дауыс беріп, өз таңдауын жасаған. Шетелде дауыс беруді Америка Құрама Штаттарының Сан-Франциско қаласындағы отандастарымыз аяқтайды (Астана уақытымен сағ. 19:00 ашылды).

Айта кетейік, сайлау заңының нормаларына сәйкес сайлау учаскелерінде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, 12 сағаттан аспауы тиіс. Аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру мен есептеудің алдын-ала нәтижелері туралы мәліметтерді электрондық байланыс арналары арқылы Орталық сайлау комиссиясына ұсынады.

ҚР ОСК 2026 жылғы 24 тамыз күні сағат 10.30-да 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс берудің алдын-ала нәтижелерін жариялайды.

Сонымен қатар алғашқы Құрылтай сайлауында дауыс беру барысына халықаралық байқау жүргізген ТМД атынан байқаушылар миссиясының өкілдері, сондай-ақ шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының басшылары мен өкілдері сөз сөйлейтіні белгілі болды.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Дәнештің дара мектебі 

Фото: Н. Жанпейісовтың архивінен Дәстүрлі ән мектебінде ұстазы шәкіртінің орындаушылық шеберлігін шыңдау үшін түрлі концерттерге шығаратын