////

«Қазақфильм» Каннда отандық фильмдерді шетелге шығару жөнінде келіссөз жүргізді

81 рет қаралды

Фото: ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі

«Қазақфильм» киностудиясы Францияның Канн қаласында өткен MIPCOM 2026 халықаралық телевизиялық және аудиовизуалды контент нарығында отандық фильмдерді таныстырды. Студия өкілдері шетелдік компаниялармен қазақ киносын шетел экрандарына шығару туралы келіссөз жүргізді. 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық делегация құрамында «Қазақфильмнің» өкілдері Айдар Омаров пен Ольга Хлащева болды. Нарықта Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жобалары да ұсынылды.

Кездесулер француздың mk2 Films, түріктің TRT және Kanal D International, жапонның NHK компанияларымен, сондай-ақ RTL Group және Library Kingdom Cooperation өкілдерімен өтті. Тараптар қазақстандық фильмдерді көрсету құқығын сату мен сатып алуды, оларды шетелдік телеарналар мен цифрлық платформаларда ұсынуды, бірлесіп фильм түсіру және тарату мүмкіндігін талқылады.

Министрлік MIPCOM-ға қатысу отандық киноны халықаралық нарықта ілгерілету жұмысының бір бөлігі екенін атап өтті. Бұған дейін «Қазақфильм» Оңтүстік Кореядағы Пусан кинонарығында да шетелдік кинокомпаниялармен келіссөз жүргізген болатын. Әзірге нақты келісімшарттарға қол қойылғаны туралы ақпарат жоқ.

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Elordainfo.kz

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Апта дайджесті: 08.10–15.10.2026

Аптаның ең көп оқылған материалдары — бір жерде. Оқымай қалғандарыңыз болса, назар аударыңыз! Көзқарас: Санжар Керімбай