/

Қазақстан әлемнің 50 мықтысына әлі кірген жоқ

870 рет қаралды
2

Бірлескен Ұлттар Ұйымының дамуды жоспарлау мекемесі қарашаның 2-сі күні адамзаттың даму баяндамасын және адамзат даму индекс тәртібін жариялады. Бұл индексте ретімен бірінші орында Норвегия, екінші орында Австралия, Үшінші орында Голландия, ал Қазақ елі 68-ші орында тұрған. Аталған баяндамада 1980 жылдан қазірге дейінгі 30 жылда адамзат дамуының алға ілгерлеуі мен қиындықтарды шешуі бірізді даму қалпын сақтап, әлем әділдік пен бейбітшілік, жоғары сапалы, салауатты тұрмысқа қарай ұмтылып келеді делінген. БҰҰ-ның дамуды жоспарлау мекемесі: “Адамзат даму индексі адамзат дамуының ең үлкен үш өлшемінің орташа нәтижесінің әмбебап көрсеткіші, біз айтып отырған үш негізгі өлшем дегеніміз – салауатты өмір, білім және тұрмыстық көрсеткіштер болып есептелінеді. Бұл көрсеткіштер негізінен экономикалық және рухани өміріміздің көп бөлігін қамтыған, сондықтан бұл реткі әлеуметтік зерттеуіміз ауыз толтырып айтарлықтай дәлдікте деген сенімдеміз”, – дегенді атап өтті. Бұл ретке тұрғызудың ең соңында Конго, Нигерия сынды Африка мемлекеттері тұрса, біздің орыс көршіміз 66-шы орында, қытайлар 101-ші орында тұр. Соғыс өртіне оранып жатқан Ливияның өзі 64-ші орынға тұрақтап тұрғанға көрінеді. Аталған көрсеткіштерге сүйенсек Қазақстанда адамзаттың даму индексі 0,745, мемлекеттің орташа ғұмыр ұзақтығы 67 жас, орташа білім алу жасы 10,4, межедегі білім алу жасы 15,1, жылдық орташа кіріс 10585(2005 жылғы санақ) болып отыр. Айта кетерлік тағы бір жайт, бұл санаққа әлемнің 178 мемлекеті қатысқан. Ал, әлемдегі дамыған елу мемлекеттің 50-шісі болып тұрмыз деп көкке қарап, кім мақтайды, кім келіп арқадан қағады деп жүрген түріміз мынау…

Мәліметтер: hdr.undp.org

“Мінбер – ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Алғашқы елулікке ену үшін біздің басшылар өзінің жеке отбасы үшін емес, мемлекет мүддесі үшін жұмыс істеуі қажет.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі