«TIME» басылымының тізімі

30139 рет қаралды

Американдық басылым «Time» 2009 жылдың үздік 50 сайтын жариялаған болатын. Төменде сайттар тізімімен танысып, олар жайында қысқаша мағлұмат ала аласыздар. Осы материалға үздік 50 сайттың 20-сы кірді.

1. Flickr
Өз саласында ең танымал фотохостинг. Дәл қазір онда 3 млрд-тан аса фотосурет сақталған. Сайт өте ыңғайлы; ілмектер мен интерфейс сәтті шықан, ал іздеу функциялары оның танымалдылығына ықпал жасағаны сөзсіз.

2. California Coastline
Бұл сайтты Калифорнияның локальді Google Earth деп атауға болады. Оның беттерінде осы штаттың фотографиялары орналасқан.

3. Delicious
Бірінші сайт секілді бұл сервис те кең қолданыста. Delicious – ең ыңғайлы онлайндық белгі бау (ағылш. «bookmark»). Ол ілмектер мен басқа сервистермен агрегацияланады.

4. Metafilter
Ұжымдық талқылау және бағалау сервисі. Рейтинг авторларының айтуынша, ол Digg немесе StumbleUpon жобаларынан жақсы.

5. popurls
Жаңалықтардың онлайндық агрегаторы. Жаңалықтарды үнемі оқып отыратындар үшін өте ыңғайлы.

6. Twitter
Осыдан бұрын Twitter жайында айтып өткен болатынбыз. Микроблогинг тұғырнамасы жайында биылғы жылы БАҚ көп айтатын және осы сервис бүкіл жаһанторда шынымен де үлкен мәртебеге ие.

7. Skype
Биыл VoIP-жүйе нарықта үлкен даудамай туғызды. Бұрынғы иесімен болған конфликт қазір шешілген секілді, ал бағдарламаның 4-нұсқасы әзірге ең мықты болып саналады.

8. Boing Boing
Американдықтар осы сайтты «таңқаларлық нәрселер каталогы» деп атайды. Жоба ұжымдық блог ретінде жасалған, оның авторлары мейнстрим жайында жазады және әр жазба пайдаланушылар арасында үнемі пікірталастарды туғызады.

9. Academic Earth
АҚШтың ең танымал білім беру сайты, оның беттерінде видео, оқытатын лекциялар, тегін курстар бар.

10. OpenTable
Бұл сервис мейрамханалардағы орындарға тапсырыс беру үшін жасалынған. Сайт өте ыңғайлы және қарапайым. Пайдаланушы қандай ас мәзірін жақсы көретінін және қай жерде отыруды ұнататынын жаза алады.

11. Google
Google іздеу салу нарығының көш басында және үнемі өзінің жаңа сервистерімен қуантуда.

12. YouTube
Тағы бір көшбасшы. Әлемде ең танымал видеохостинг.

13. Wolfram|Alpha
Биылғы жылдың жаңалығы – Wolfram Alpha іздеу салу жүйесі. Ол іздеу салу жүйелерінің арасында тек Google-дан сәл артта қалды. Сервис белсенді түрде дамып жатыр.

14. Hulu
Кәсіби жаңалықтық контенті бар видеосайт американдықтар арасында өте танымал. Оның көмегімен NBC, ABC және Fox арналарындағы жаңалықтар, телехикаяларды қарап, пікір қалдыруға болады.

15. Vimeo
Vimeo — «Ютюбтың» бәсекелесі, алайда онда кәсіби әрі жоғары сапалы видео орналасқан.

16. Fora TV
Бұл сайт браузерде телевизиялық контентті жариялайды. Сервисті «ақылдыларға арналған телевидение» деп атайды. Осында ғалымдардың лекциялар, ғылым салаларына арналған бағдарламалар мен интеллектуалды шоуларын көрсетеді .

17. Craiglook
АҚШтың ең танымал хабарландырулар сайты. Интерфейс пен іздеу функционалы өте ыңғайлы.

18. Shop Goodwill
Танымал «Ибейдің» альтернативасы, онлайндық аукцион. Shop Goodwill осыншама белгілі болмаса да, сапалығымен ерекшеленеді. Оның көмегімен пайдаланушылар нәтижелерге тезірек қол жеткізеді — қажет нәрсені сатып алу немесе сату.

19. Amazon
Ең танымал онлайндық дүкен. Кітаптар мен кино сатылымдары бойынша көш басында.

20. Kayak
Саяхатшыларға арналған мета іздеу жүйе. Оның көмегімен арзан әуебилеттер мен қонақ үйлерді тауып алуға болады.

Осы тізімнің ішінде қазақстандықтар қандай сайттарды көбірек пайдаланады? Біріншіден, бұл Google. Alexa.com-ның көрсеткіші бойынша Google.kz үшінші орында. Келесісі – Youtube видео сервисі, содан кейінгісі – Twitter. Алайда, бұл тек «Тайм» басылымының тізіміндегі 20 сайттың аталымы бойынша ғана. Жалпы, Қазнет пайдаланушылары Скайп сервисін, Фликр фотохостингін де пайдаланып жүр, сонымен қатар, тізімдегі сайттардың біразы ағылшын тілді елдерге арналғандықтан көбісі кең қолданыста емес.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: Дата стори іздеудің оңай жолы қандай? (Ақтөбе, үшінші күннің қорытындысы)

Желтоқсанның  2-сінде “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жазудың ерекшеліктері: ERG мысалында” тақырыбында Ақтөбе

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: Қазақстанның ең ірі салық төлеушілері кімдер? (Ақтөбе, екінші күннің қорытындысы)

Желтоқсанның 1-інде  “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жазудың ерекшеліктері: ERG мысалында” тақырыбында Ақтөбе

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: Ақтөбедегі “Темір жол” ауруханасы қаншаға сатылды? (Бірінші күннің қорытындысы)

Қарашаның 30-ында “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жазудың ерекшеліктері: ERG мысалында” тақырыбында Ақтөбе