Сен де қалдың туған жер, сай сүйегің сырқырып

7740 рет қаралды
1

DSCN5384Еліміз егемендігін алғаннан кейін атамекенге жер жүзінің сан ондаған елдерінінен, тарыдай шашырап кеткен қандастарымыз оралды. Олардың кіндік қаны тамған өлкелері алыс қиыр шетте, сырт елдерде қалды. Арада шекара бар. Күнде барып келе алмайсың. Күнде араласып тұрмайсың. Алып-ұшып тұрсаң да әл-қуатың да келе бермейді? Тірлік…

Қазақ «туған жерге туың тік, туған жер – мысыр шаһары»– деп жатады. Ал туған жері басқа мемлекетте, бөтен елде болса оған деген махаббат сезімдері қалай болады? Ара қашықтықтың алыстығы, арадағы шекара шек бола ма, бөтен елдің топырағы аңсата ма? DSC01846

Барыс жылының ақпан айының 18 жұлдызы күні Алматы қаласының «Қазақ концерт» залында жоғарыдағы бірнеше сауалымызға жауап болғандай бір іс-шара өтті. Ол Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен «Туған жерін аңсамайтын жан бар ма?» атты Баян-Өлгий аймағының құрылғанына 70 жыл толу мерекесіне орай берілген концерт. Концертте Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, Моңғол Ұлысынның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Х.Аюурзана, Қ.Зардыхандар құттықтау сөз сөйледі.

Баян-Өлгий – Моңғол Ұлысының батыс өлкесіне орналасқан қазақ аймағы. Бұл аймақ 1940 жылы сол елдің Бас министрі, маршал Чойбалсанның бастамасымен ұлттық аймақ болып құрылған болатын. Міне содан бері 70 жылдың жүзі болыпты. Өсіп-өнді, өркендеді. Тілі мен ділінің қаймағын бұзбай сақтап отырған, бұл күнде ғылым мен техниканы қатар игерген белді аймақтың біріне айналды. Ал осы шет елдегі қазақ аймағының құрылғанының 70 жылдық мерей тойының атажұртында, айбатты Алатаудың бөктерінде, ару қала Алматыдан басталуы халқымыздың жат жұрттағы қандастарына деген ерекше құрметінің, білгендігінің белгісі болса керек.

Иә, кіндігінің жас қаны тамған жер қайда болса да ыстық, қасиетті де қастерлі, оған деген махаббат көкейде сағыныштың сары алтын жапырақтарымен құндақталып мәңгі сақталатыны даусыз. Ол сағындырады, ол аңсаттырады. Көксейсің, көруге құстай ұшып асығасың. Өйткені сенің тұңғыш рет жарық дүние есігін ашып, бұ пәниге енген мекенің. Ол туған жер! Сондықтан да бұл концерт Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Марфуға Айтхожинаның өлең жолдарымен «Туған жерін аңсамайтын жан бар ма?» деп аталуының өзі орынды. Туған жер тек адам баласы үшін ғана емес адамзат баласы үшін Һәм киелі, Һәм мәртебелі болса керек. Бірақ, ол – Атажұрт, Отан емес! Осы орайда Атажұртқа қоныс аударған сонау, 1991 жылдың мамырындағы мына бір өлең жолдары есіме түседі. DSC01877

Ассалаумағалайкум,
Ар ма?– деп,
Ағайын, қандас бар ма?– деп,
Айтылғанда Ақ тілек,
Сарғайған жүрек сатырлап,
Шығыстан өрттей лаулап ек.
Ұмтылғанда ұрандап,
Бір пойызға сыйыспай,
Жүз пойызды жаулап ек!

Ошақ қалды бұрқырап,
Үйір қалды шұрқырап.
Айттырып қойған арда төс,
Ару қалды шырқырап.
Атажұртқа садаға,
Сен де қалдың,
Туған жер,
Сай сүйегің сырқырап!

Сен де қалдың,
Туған жер,
Сай сүйегің сырқырап!

Б.Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. “Сай сүйегің сырқырайды! екен – сағыныш!……………. Тас тауыма мен енді, Тас боп біріге бітейін! Хаш бол бабам – кәрі Алтай, күдерімді үзбейін! Күңірінген беліңе күндерде бір келейін!… дейміз де -баяғы!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі