Қабылсаят қазақты қорлады, ал…

6867 рет қаралды
15

hs4Бұған үкімет не дейді екен? Біздің кейбір шенеуіктеріміз ауыз өзімдікі деп аузына келгенін айта беретін болыпты. Ауыз өзінікі екені рас қой, бірақ сол ауыздың сөйлейтін һәм сөйлемейтін, ойнап сөйлесе де ойлап сөйлейтін жері бар емес пе?

Әлде біздің қарапайым халық бұқараның қолы жетпейтін, халықтың қалаулылары ғана барып, тұтас елдің тағдырын шешіп, болашағын барлап отыратын еңселі де киелі орынның қадір-қасиетінің кеткені ме? Олай болғанда оны аластап алу керек шығар, әйтпегенде, анау, Қабылсаят Әбішев сияқтыны есігінен енгізбек түгіл, бетіне басып неге шығарып салмайды.

Қазақ парламенті – қазақтың бас мекемесі. Ендеше ол жерде сөйленетін сөз де кесек болу керек емес пе? Ал Көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішев (суреттегі) болса «Көші-қон туралы» заң жобасын Парламентте талқылау барысында «Бізге негізінен білімді әрі еңбекке жарамды адамдар қажет. Монғолиядан келетін адамдардың 98 пайызында білім жоқ. Білімділерінің бәрі келіп бітті» деп бетің жүзің демей былш еткізді.

Сөйтіп ол алыс-жақын шет елдерде жүрген бауырларымыздың білім деңгейі тым төмен деген сыңайлы қаралау мен қорлау қортындысын айдай әлемге паш етті. Демек, шеттегі бес миллион қазағының бетіне күйе жақты. Бұқараның бұл сөзді сөйленген мінберіне қарай қабылдауға толық қақысы бар! Осыдан бір неше ай бұрын да Қабылсаят қате сөйлегені үшін теледидар арқылы халықтан кешірім сұраған еді. Енді, міне, жығылған күреске тоймайды деп баяғы әләуләйіне тағы басты. Аңдамай сөйледі ме, әлде, әдейі сөйледі ме, ендігі сөзді Бас Министр Мәсімов мырзадан күтеміз.

Б.Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

15 Comments

  1. Мына сөзіне қарағанда “анауыңның” өзінің ақылы кеміс болып шықты ғой. Мемлекеттік биліктегі адам сөйдей ме екен. Тіпті от басы, ошақ қасындағы қатындардың өзі айтар сөзін байқап-байқап айтады. Мен кей-кейде қазақты жүзге бөлетіндерді, оралмандарға бөлетіндерді ұлтымыздың бірлігін бұзу үшін шетелден арнайы жіберген агент пе деп қаламын. Әйтпесе, бір қазақты бірнешеге бөлшектегеннен басқа ұлттар емес, мемлекеттің, қазақ ұлтының ғана зардап шегетінін үлкен саясатпен айналысып отырғандардың білмеуі мүмкін емес. Өкінішке орай қазақ тілінің көсегесі көгермей отырғанының өзі осындай “қара” орыстардың кесірінен. Оларға салса, сырттан бауырларымызды көшіріп әкегеннен гөрі, Ресейден орыстарды көшіріп әкелген ұнайды.

  2. Бұл үкіметтің кадр таңдай білмейтіндігінің кесірі. Аузы қисық деп осындайларды айтқан. Аузы жаман елді бұлғайды деген де осы. Үкімет өзін арам шөптерден тазартатын уақыт жеткен екен.

  3. Биліктегілердің сиқы осындай екендігіне көздерің әлі жетпей жүр ме еді!!!

  4. Қабылсаят мырзаның өзінің білімін тексеретін адам болса ғой. Әйтпесе білімділер базарда, білімсіз бірақ танысы мықтылар назарда жүрген заман ғой қазір. Шенеуніктердің қалай аттестациядан өтетіні көпшілікке белгілі ғой.

  5. Қарамер ағамыз қағылездік танытып, мына мәтериалды уағында жолдапсыз. Жалпы осы Қабылсяттың халыққа бергені шамалы, ал берерінен мына сөзден кейін үміттенудің өзі артық шаруа. Сондықтан премьер Мәсімов өзі ыңғайламаса, барлық бұқаралық құралдар арқылы Қабылсаят қайталай кешірім сұрасын, болмаса орнын босатсын! Біз осы істер туралы ойласуымыз керек. Бізге, жалпы шетелден көшіп келетін ендігі қазаққа мұндай “білімді” білгіштер керек емес. Ел осыны білуі керек.

  6. Kabilsayat tilim bar dep soilei bermei iske kirisseishi. Keshegi sozderin adamga zharasatin sozder emes.
    Eger oz biliminnin dengeyi zhogari bolganda onday sozderidi aitpaushi edin. Senin sauatin zhalgiz leksiya okuga zharalgan sekildi.
    Kaidan deleldei alasin Mongoldagi kandastarimizdin 98 paiyizi sauatsiz ekendigine? Bul malimetti kaida aldin? Ozin barip sanap keldinbe? Televizorga shiktimdep bilmegen narseni kop sairai berme

  7. Мына Қабылсаят сияқтыларды биліктен аластамаса, қазақтың түбіне жететіндер осы секілділер. Өзі ана тілін түзу сөйлей алар ма екен? Орыс тілін білгенге өзін данышпан санап жүр ме екен? Сол Монғолияға монғолдардың арасына апарып қоя берер ме еді, не Қытайға апарып қара қытайдың ортасына қосып қойса, сауаттылығын көрер едік. Қазақтың басын қоса алмай жүргенде үй ішінен үй тіккені несі, Қабылсаяттың!!!

  8. Хабылсаяттың отставкасын талап етумен қатар Монғолиядан келген қазақтар оны сотқа берсін! Біраз ақша өндіріп алып, халық алдында ресми кешірім сұраттыру қажет.

  9. қайран қазағым-ай! Мүсәпір Қабылсаят,өз ұлтыңды жамандап не абырой табасың! Осы бір көші-қон комитетінің төрағалығына қазаққа бүйрегі бұратын жөні түзу пенде бұйырмады ғой.Ылғи бір күліп құшақтап тұрып, іштен пышақ салатындар,қазақты елге тартатындар емес,шетке тебетіндер!Қандай ұлт болсын,жақсы жаман жағымен қосылып барып ұлт деп есептеледі емес пе?Бір қазақтың көзі көрмесе,бар қазақ соқыр аталмайтындығы сияқты!!!!!!!!!!!!!

  10. ИРИГЕННИН аузынан шириген шыгады деген осы екен гой.

  11. Мынау бәтшағарың не дейді-ей? Қорлауын қарашы.Сенің сезім түйсігіңде әлсіз жұмыстайтын, тіпті жұмыссыз қалған қан тамырлары бар секілді.Тұрасын айтқанда сіз емес Қабылсаят, сен осы қорлауың үшін Қобда қазағы аталған біздерден және біздің рухты ата-бабаларымыздың аруағы алдында шынай түрде кешірім сұрап, зар еңіре. Және аз уақыт ішінде өз қалауыңмен орныңды босатта, қайтып біздер сені көрмейтін болайық.
    Сауатсыз тіптен 98 пайызы деуін қарашы мынаның.Тағдырдың талқысында өз ұрпағын һәм болашағын ойлап, Іргелі Моңғол елінде дербес ұлттық аймағының іргесін қалаған қазақтарды сауатсыз дейме? 40-тан астам елдегі қазақтардың ішінде сол елдің саяси билігіне араласатын, өз әкімшілік бірлігін өзі таңдау арқылы сайлап алатын, өзге ұлт,ұлыстардан ұлттық ерекшелігімен дараланатын қазақтарды сауатсыз дей ма мына соқырың? Тағы айтайын.БАҚ-ды арқылы және Қазақстан Ұлттық арнасы арқылы кешірім сұра Қабылсаят.Қабылсаят атыңнан садаға кеткір.

  12. Кешірім сұрап қана құтылу оңай іс болып қалады, өйткені бұл пірәдар, бұған дейін де эфир арқылы кешірім сұраған. Кешір дей салу бұл үшін түк емес. Оның басқа жолдары бар… Өзі де сезіп отырған болар!!! Қалай әрекет жасап құтылатынын уақыт көрсетеді…

  13. Х.Әбішев өн бойыңда қазаққа деген қасықтай қаныңның жоқтығын халық алдында паш еттің! Қазақ деген ұлы ұғымды бұралқы итке тастаған бөлек-бөлек кесектей етіп “моңғолия қазағы” деп бөле қарауың “ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды” дегеннің кебін кигізбей ме? Ұлттық деген ұғымнан алшақ қалып, бодандықтың қамыты құрсаулаған таяз деңгейіңе, өзімшіл өреңе сай келмеген соң “сауатсыз” деген айдар тақтың ба? Бодандық пен бұғаулыққа бойы сұнбаған байтақ елдің білімін таразыға салатын кім едің сен?

  14. Kabylsayat agamyz duris aytti, sebebi rasinda baska elden kelip jatkan kazaktardin kobi bizderge yu, jumis taup berinder dep memleketke naraziligin bildirip zhatady. Olardin kobinin biliminin zhoktyginan oz betinshe jumis taup ketetindigine memleket alanduly. Bizdin elimizge bilimdi, parasatty, oishil kaumn kerek. Kabylsayat agamizdin aytkan sozin elbasymyz N.Nazarbaev songi otken Kazaktardin kuriltaynda ol sozderdi dal osilay aytkannin oz auzinan estigenbiz. Sondiktan boska synai bermei, maselenin basin aship alu kerek koi? Syzderdin zhazgan pikirlerinyzdi okip ozim katty kuizeldim. Kazaktar bir birleri turali tu syrtinan sonday zhaman sozder aytkany duris pa?

ertai жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар