Moscow Times: “Үлкен ойынның” Қазақстанға әсері қандай?

728 рет қаралды

Қырғызстандағы сәуір айындағы төңкеріс тарихқа сіңген сайын оның салдары саясаткерлерге анық көріне бастады. Бішкектегі бүлікте адамдар қанға бөгіп жатқанда сырттағы жұрт «Мұнда АҚШ пен Ресейдің мүддесі тоқайласып жатыр. Кім озар екен?» деп анысын аңдыған. Осыған орай шетелдің басылымдары әдеттегідей пікір алуандылығын емес, өз шындықтарын жеткізуге тырысты.

Вашингтон мейлінше сақтық танытып, демократиялық құндылықтар туралы айтса, Ресей салқынқандылық танытып, әліптің артын бағуға тырысты. Әйткенмен бұл уақиғаға енді Қытайдың да араласатынын, әрі бұдан Қазақстан да үлкен зардап шегуі мүмкін екені ашық айтылмаған еді.

newgreatgamemapСебебі соғыстың лаңы көрші елдегі өзгерістер болашақта қазақ елінің қай бүйірін шаншып өтетінін бағамдауға мұрсат етпеді. Ресейден таратылатын ағылшын тіліндегі газеттің журналисті, жазушы Ричард Лоури өзінің осы аптадағы «Ұлы ойынның келесі кезеңі» атты сараптамалық мақаласында осы жайттарға ой жүгірткен. Автор Америка мұраттарына екпін бере сөйлейді. “АҚШ Орталық Азияның қауіпсіз аймақ болғанын қалайды” деген ой айтады.

Орталық Азия қазіргі кезде Ресей мен АҚШ үшін күш сынасатын алаңға айналған тәрізді. Бірақ бұл аймақтың басшылары Қытаймен де қоян-қолтық аралсуға пейілді. Себебі дәл іргесіндегі әлемдік нарықтың ең алпауыт ойыншысынан пайда көрмеу күнә болар еді.

Дәл осы пиғылдар Қытайға Орталық Азияның мемлекеттерін бойлай газ құбырларын жүгіртуге мүмкіндік берді. Шетелдік автор бұған дейін Қырғызстанда Ресей мен АҚШ-тың әскери базаларының орналасуы мәселенің ушығуына түрткі болды дегенімен, алдағы күндері Қытайға “қан” жүгіртіп отырған құбырларды қорғау үшін Ресей мен АҚШ-тың арасына килігетін болады дейді. Бұл жайт Орталық Азия елдерінің Ресейден тәуелсіз бола түсуіне мүмкіндік бермек. «Бірақ Астана мен Ташкент қытай нарығына жұтылып кетуі мүмкін екенін ескеруі тиіс» деп ескертеді шетелдік журналист.

Экономикалық өзгерістер саясатпен байланысатыны рас. Әсіресе Қытайдың Шыңжаң аймағындағы түркі ұлысына кіретін мұсылман ұйғырларды қудалау қарқынды жүрген сайын олар саяси жүйесі тұрақсыз Қырғызстан тәрізді елдерді паналамақ. Бішкек осылайша Қытай тоқпағынан зәбір көрген босқындар мекеніне айналмақ.

Қытайдың бір шеті Түркменстанда жатқан құбырының екінші ұшы Шыңжаңға келіп тіреледі. Бұл Қытайдың қатал билігіне жауап қатқысы келетін топқа таптырмас құрал болмақ. Билікті үркіту үшін күллі Қытайдың экономикалық әлеуетін арттырып отырған газ құбырын жарып жіберуі де ғажап емес. Соңғы кездері қуғында жүрген Тибет көсемі Далай Лама да қытайда ауызға алуға тиым салынған «Шығыс Түркістан» сөзін жиі еске алуда. Тибеттегі және Шыңжаңдағы ұйғырлар бірігіп, Қытай басқыншылығына қарсы тұрса, бұл Орталық Азияға үлкен сілкініс болмақ.

«Ұлы ойынның» келесі бір кезеңі Қазақстандағы уран қорымен де байланысты. Қазақ ураны дүние жүзі уранды энергия көзіне айналдырған сәтте айрықша маңызға ие болмақ. Бірақ бұл жерде қазақтардың қазіргі кезде уран өндірсінің қалдықтарын дұрыс қорғамай отырғандығы көңілге күдік ұялатады. Сондықтан ойынның соңғы кезеңінде барлық ойыншылар марапатталады. Яғни Орталық Азия елдері ақша мен мәртебеге ие болып, әлемге таныла түссе, Қытай өзінің құбырларына қол жеткізеді. Қазіргі кезде Орталық Азиядағы маңызға ие екі мемлекеттің Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының ауысуынан соң не болары анық емес. Қайткен күнде де Қытай енді өзінің құбырларын қорғауға көшетіні түсінікті.

Әзірлеген Мақсат АЯН

сурет СС негізінде msykos есімді Flickr қолданушысының мұрағатынан алынды

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі