///

Репост үшін жауап бермек: Журналист Асхат Ниязов неден жазықты болды?

841 рет қаралды
Визуализация үшін Офелия Жакаеваның The-Village-kz.com ресурсына арнап түсірген фотосы пайдаланылды

Қаңтар айында ProTenge-де «Азаттық» радиосы журналистерінің аккредитациядан өтпегені туралы пост жарияланған болатын. ProTenge мұндай прецеденттерді жария етудің қаншалықты маңызды екеніне назар аударып, «Азаттық» қызметкерлері қазақстандық ең үздік зерттеу командаларының бірі екенін атап өтті.

Жүздеген лайк пен репостың арқасында ақпарат бүкіл қазнетке тарады. Дегенмен, бұл жаңалықты ұнатпайтындар да табылды.

Наурыз айында тиісті салаға жауапты Мәдениет және ақпарат министрлігі «Пост қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудырады, немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіреді…» деп мәлімдеді.
Осымен барлығы аяқталған сияқты еді.

Алайда, өкінішке қарай, бұл жазба СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕУді бастауға негіз болып отыр. Әрине, полицейлердің жазбада ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖОҚ деген қорытындыға келуі үшін құқық қорғаушылардың біраз тер төгуіне тура келген. Бірақ оқиға мұнымен де бітпеді, іс әкімшілік сотқа өтіп кеткен. Бұл жолғы нысан  жаңалықты өзінің «Обожаю» telegram-арнасында жариялаған журналист Асхат Ниязов болып отыр. Журналистің үстінен әкімшілік іс қозғау жөнінде хаттама толтырылған.

«Құқық қорғау органдары алғашқы дереккөзге, яғни бізге, ProTenge-ге жүгініп, сұрақ қоюдың орнына жазбаға репост жасаған журналисті таңдады…», – деп жазды ProTenge редакциясы.

ProTenge негізін қалаушы Жәмила Маричева Аида Балаева басқаратын министрліктің әрекетін даулауға ниетті екенін мәлімдеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі