Қазақ мектептері неге аз?

1018 рет қаралды
3

Изображение 020Енді бір айға жетер-жетпес уақытта тағы бір оқу жылы аяқталады. Мамырдың 20-сына қарай мектеп табалдырығын тоздырған ата-аналар көбейіп кетеді. Барлығында бір проблема – баламды қай мектептен оқытам? Кейі күй таңдайды, кейі қандай мектеп болсын, баласын қалада оқытуды көздейді. Қазір мектептердің көбі – «пропискасыз» жүргендердің балаларын оқуға алғысы келмейді. Ондайда еріксізден бармақ басты, көз қыстыға жол беріледі. Бұл жағдай көктемнен қара күзге дейін жалғасады.
Басты проблема – «қазақ мектептерінің» әлі күнге дейін саны өте аз, ал сұраныстың өте көп болып отырғаны. Әрине бұл жайт сұраныс жағынан қуантса, санының аз болу жағынан қынжылтады. Жыл сайын мерзімді басылымдар осы мәселені дабырайтып жазғанымен, көрінген нәтиже байқалмайды. Оқу жылы аяқталмас бұрын осы мәселені мен де зерттеп көруді мақсат еткен едім. Ең әуелі нақты статистикаға тоқтала кетейік. Алматы қаласының ресми сайтының мәліметтері бойынша, 2009 жылдың 5 қыркүйегінде Алматы қаласында жалпы саны 160 035 оқушы, 6 465 сынып жиынымен 181 мемлекеттік жалпы білім беретін мекеме жұмыс жасап тұрған екен. Бұл мекткептердің 48-і ғана қазақтілді. Қалғандары орыс және өзге тілде білім беріп отыр.
Бұл жайлы ақпарат жинау барысында қаладағы бірнеше мектепке бас сұғуды жөн көрдім.
Сонымен алғашқы қадамымды қаладағы № 93 жалпы білім беретін мектептен бастадым. Өзге қазақ мектептерімен салыстырғанда көлемі жағынан шағындау болып келеді. Мектеп директоры Рита Тажимовна ханым өз мектебінің 640 орынға арналғандығын, қазір 598 бала білім алып жатқанын айтады. Әрі осыдан екі жыл бұрын орысша-қазақша аралас тілде білім беретін мектеп бүгінде таза қазақ мектеп болыпты.
– Бостандық ауданы бойынша 28 мектептің ішіндегі жетеуі ғана қазақша. Қасиетті 7-ші санға біздің мектеп иеленіп отыр, – дейді ол. – Қазіргі қазақ мектептерінің басты проблемасы таза қазақ тілді мектептерінің аз болуы. Жыл сайын біздің мектепке және жалпы қазақ мектептеріне сұраныс өте көп. Бізде 1-ші сыныптың өзінде жыл сайын 75 оқушыдай оқиды. Оқу жылы басталғанда қалалық тіркеуі жоқ ата-аналар көптеп келіп жатады. Бірақ алдымен қалада тіркелген балаларды аламыз.
Зерттеуімді жалғастыру барысында №81 мектеп-гимназясына жол тарттым. Бұл мектеп 700 орынға арналған, алайда қазір мұнда 809 бала білім алып жатыр. 1-ші кластың өзіне 90 балаға дейін барады, ал үлкен сыныптарда 25 баладан қабылданады. Өзге ұлттардан бір орыс және бір араб ұлтының балалары қазақ тілінде білім алып отыр. «Пропискасыз» оқушыларды мүлдем қабылдамайды. Мектеп директоры Жылыбаева Зәуре Жолдыбайқызы. Бұл да № 93 мектеп сияқты орта көлемді, аса үлкен емес мектептер қатарындағы оқу ордасы. Енді өздеріңіз осы ақпараттан кейін сараптап көріңіздер. Қазақ мектептері аз, сонымен қатар барлығы болмаса да, көбісі кішкентай мектептер. Яғни бұдан не айтуға болады, сұраныс көп жерде, көлемі жағынан үлкен қазақ мектептері де көп болу керек.
Енді Таугүл 2 ықшам ауданында орналасқан Ахмет Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясына көз салсақ. Мектеп Изображение 002директоры Рая Хариқызының айтуы бойынша мектеп 1500 орынға арналған. Оқып жатқаны 1039 бала. Бұл жерде де жыл сайын сұраныс артып келеді. Кіші сыныптардың өзіне 100-150 балаға дейін барады. Өзге ұлттардан бір татар бала және үш пәкістандық білім алып жатыр екен.
Көлемі жағынан №139 мектепке шамалы ұқсас болып келетін Мүсілім Базарбаев атындағы №138 мектеп гимназиясы. Көктем ықшам ауданында орналасқан мектептердің бірі. Ғимараты 1250 орынға салынған. Оқып жатқаны 874 бала. Пропискасыз 10-15 бала келетін көрінет.
Бұл қазақ мектептері туралы біраз ақпарат. Енді қаладағы орыс мектептерін қарап көрсек. №10 жалпы білім беретін мектеп. Директоры Джаханов Рустам Иминжанович. Оның айтуынша ғимарат 700 орынға арналған. Қазір бар жоғы таңғы сменде 309 бала, ал кешкі сменде 114 бала білім алып отыр. Сонда жалпы 423 бала. Бұл жерде математик болудың қажеті жоқ. Қарапайым арифметикалық амалдарды білсек жетіп жатыр. Енді 700 ден 423 ті алып көрейік. Яғни 277 орын бос қалып отыр. Бірақ мен барғанда ол жерде № 51 мектеп гимназиясында жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жату салдарынан уақытша сол ғимаратта оқып жатыр екен. Қыркүйек басталысымен біз қайтадан өз мектебімізге көшеміз дейді мектеп тің оқу ісінің меңгерушісі Ирина Юрьевна.
Енді бар жазған түйгенімізге қорытынды шығарып көрейік. Басында айтып өткендей, әрине қазақ мектептері өте аз, сонымен қатар сұраныс өте көп. Бірақ тағы бір нәрсені айтып кету керек. Барлық орыс мектептерінде де сұраныс аз деп айта алмаймын. Ол мектептердегі балалар саны да өз деңгейінде көрінеді. Көбіне қазақ балалары оқып жатыр. Бірақ өздеріңіз ойлап көріңіздер, егер қазақ тілді мектептер аз болып, орыс мектептерде орын болып жатса, бармағанда не істейді? Бұл жердегі ең үлкен қатеміз ниет пен қалауды қанағаттандыра алмай отырғанымыз.

Адия (Ару) Аралбаева
ҚазҰУ-дың 3-ші курс студенті

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Жиырма жыл бұрын қанша қазақша мектеп болып еді? Қайда асығасың, бәрі ойдағыдай болады.

  2. Айдын мәселе асығып жатқанда емес, жиырма жыл бұрын не болғанда да емес. Алға жүріп, даму үшін артқа қарап, “болады ғой” деп отырмай, бар проблеманы айта білу керек.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар