1970 жылдары дара билеуші компартияның тасы өрге домалап тұрған кезі еді. Қоғам еркіндігін, адам еркіндігін шектеп, шекара асуға, қадамыңды ашуға да мұрсат бермеді. Қазақстан сол кезде бәріміздің арманымыз болған атамекеніміз екенін білсек те еркін қатынап, келіп-кетіп тұруға, тіпті білім алуға да шектеу қойылған.
Бұл мүмкіндікке Компартия құлап, Совет одағы ыдырап, Қазақ елі тәуелсіздік алған кезде ғана қол жеткіздік!
1970 жылғы «Қазақстан пионері» газетіне жарияланған хат шынында ұлттық рухтың символы еді! Көзі ашық, көкірегі ояу ұстаздарымыз диктаторлық жүйенің сеңін бұзып,
қазақ елімен, қандай бір жолмен байланыс жасауы ұлттық рухтың биіктігі еді!
Ондағы мақсаты; Ұрпағын ұлтынан айырмау, атамекенімен білімін, мәдениетін, салт-дәстүрін ұштастыру болатын!
1970 жылғы ұлт рухын алып ұшқан “арман-хат” қазақ топырағына дән болып себіліп, ұлт тамырына қан жүгіртіп, қазір мәуелі бәйтерекке айналды.
“Арман-хат” алғаш Моңғолия қазақ тарының сәлемін, атамекенге жеткізген, қанатымен су сепкен қарлығаштай әсер қалдырды да! Ұстаздың ниеті-халықтың ниеті! Арқалық Сүлейменұлы мұғалім бастаған Бұлғын сұмындық ұстаздардың, жарты ғасырдан бұрынғы ниеті, Алладан қабыл болып, Қазақ елінің Көк Туының астында ұлт пен ұлыс бас қосып, ұрпақ өсіп-өніп, еліне еңбек етуде!
Көк Туымыз көкте желбіреп, Қазақ елінің мерейі арта берсін!
З.Саулехат.
05 май 2026 ж.

56 жылдан соң қайта оралған хат
Мен ол кезде пионер вожатыйы едім. Жыл сайын 10 – ай (қазан айы) Монгол-Совет одағының дәстүрлі достық айы еді. Айлық жұмысты октябрь революциясы мерекесіне орай қорытындылайтын едік. Сол кезде “Қазақстан пионері” газетінен Целиноград облысының бір мектебінің адресі бойынша мектептің озат оқушылары Қ. Қасиман мен З. Сәулехаттың атынан хат жазған едік. Бұл оқушылардың әкесі Қабыкей мен Зақан марқұмдар көзі ашық, іш пен сырттың саясатына жүйрік, сөзге шешен , балаларына дұрыс бағыт бере алатын ата аналар болғандықтан осы екі оқушыны әдейі таңдап алған едім.
Сәтіне орай хат 1970 жылы “Қазақстан пионері” газетінің 91- санында жарияланып, қазақ диаспорасы өмір сүріп жатқан Өзбек, Қарақалпақ, Түркімен, Қазақстанның түкпір-түкпірінен хат ағылып келе бастады. Хатпен бірге келген естелік заттарды жинақтап “Достық клубын” құрып, тәрбие жұмысын жүргіздім.
Чехияда оқып жатқан Ә.Қауымдаспен де байланысқа шығып, Чехтын бір мектебіне де байланыс орнаттық. Архангай, Улаанбаатардың Гастелло атындағы мектебімен де байланыс жасалды. Мектеп көлемінде шет елге хат жазу үрдісі қалыптасты. Себебі шет елмен байланыс жасау балалар үшін үлкен мәртебе, абырой еді.
Достық клубының жұмысын Республика бойынша озық тәжірибе деп бағалап, Д.Сүхбаатар атындағы Монголдың пионер ұйымы әр мектеп жанындағы пионер ұйымдарына менің осы тәжірибемді игеруге міндеттеген шешім қабылдаған еді. Озық тәжірибеге себепші болған осы хатты тауып, оқырман қауымға ұсыну көптен бері көкейде жүрген ой еді. Кеше Алматыдағы Республикалық ұлттық кітапхана мұрағат қорынан хатты тауып, сол кездегі менің шәкірттерімнің каншасының есінде бар екен деген ниетпен жариялап отырмын. Газетте біз жазған хаттың түп нұсқасы емес, мазмұны берілгені айқын байқалады.
Арқалық Сүлейменұлы,
Зейнеткер-ұстаз.
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы

ҚАЗАҚСТАННАН ХАТ !
29-май 1970 -жыл.
Қазақтың шет елдермен достық және мәдени байланыс қоғамынан.
ҚЫМБАТТЫ АРҚАЛЫҚ !
“Ленин және Қазақстан” атты викторина бізге зор қанағаттанырарлық әсер қалдырғанын сізге қуанышбен хабарлаймыз! Викторинаға көптеген елдердің уәкілдері қатысты. Олар сіздің республикамызды жеткілікті дәреже де білетіндіктерін көрсетті.
Біз сіздің жауабыңызбен де мұқият таныстық. Викторинаға қатысқаныңыз үшін, қазақ қоғамының президиумы сізге шын жүрек тен алғыс білдіріп, достығымыз бұдан былай да
жалғасып, нығая береді деп сенім білдіреді. Достық сезіммен бірге, “Менің Қазақстаным ” деген суретшілердің фотожина ғын қабыл алуың ызды сұраймыз!
Председатель
Рауза Шамжанова.
Парақшамызға жазылыңыз
