Қымбатты оқырман!
Осыдан екі ай бұрын «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» атты семинар-тренингке қатысу үшін арнайы конкурс жариялаған едік. Конкурсымыздың тақырыбы – «Блоггер болғым келеді» немесе «Қазақтілді БАҚ және жаңа медиа» болғаны белгілі. Бүгін біз сол конкурстың қорытындысын жариялап, семинар-тренингке қатысуға кімдердің жолдама алғандығын хабарлағалы отырмыз.
Сонымен, осы уақыт аралығында бізге 40-тан астам мақала келіп түсті. Мақалаларға қойылған негізгі талап – жаңа медиа технологияларын қаншалықты деңгейде игерген және проблеманы қалай түсінгендігіңіз сарапқа салынды. Сондай-ақ, біз аймақтардан келген мақалаларға баса назар аудардық.
Сөйтіп, аймақтардан 20, Алматы қаласынан 6 журналистің жазбасын үздік деп танып, семинар-тренингке арнайы шақырып отырмыз. Олар:
| Тоты Атышева | Семей |
| Өркен Кенжебек | Алматы |
| Ғабит Бөкенбай | Павлодар |
| Асқар Ақтілеуов | Ақтөбе |
| Мұратбек Биманов | Актөбе |
| Мақпал Қожақанова | Алматы |
| Мейіржан Әуелханұлы | Алматы |
| Әлия Құрышжан | Алматы |
| Әлия Сембекова | Қарағанды |
| Динара Мыңжасарқызы | Алматы |
| Бүркіт Нұрасыл | Астана |
| Амангелді Құрмет | Астана |
| Аршат Оразов | Астана |
| Ерлан Оспан | Астана |
| Ертай Жалғас | Түркістан |
| Омарбекова Жансая | Қарағанды |
| Гүлнұр Ембердиева | Тараз |
| Адия Аралбаева | Алматы |
| Серік Әділхан | Өскемен |
| Ермек Биғалиев | Атырау |
| Нұрберген Мақым | Атырау |
| Ерлан Қалмақ | Қостанай |
| Дәулет Қасым | Жаркент |
| Абылай Мауданов | Қостанай қаласы |
| Мөлдір Қожахметова | Қызылорда |
| Аяужан Әшімова | Өскемен |
| Құралай Мұрат | Алматы |
| Перизат Ярлыкасимова | Алматы |
Іске сәт! Құтты болсын, жол болсын!
өй менің де атым жүр. рахмет, барлықтарыңа!
Қуанып отырмын! Рахмет!
Рахмет! Мен де қуаныштымын!
oi rahmet, mende mindetti turde kelem!
[…] Былтырғы «Мінбер» басқосуы өткізілген уақыттан бері есептегенде, бір […]