/

Financial Times Назарбаевты Ли Куан Юмен салыстырған

32221 рет қаралды
5

Журналистердің қазақ басшысын Ататүрік, Махатма Ганди немесе Шарль де Гольмен салыстырғанын байқаған едік. «Financial Times» тілшісі Изабель Горст «Назарбаев жиырма жылдай билікте отырған болса, онда оның Сингапурдың премьер министрі болған Ли Куан Юмен арада ұқсастықтары бар» деген пікірде.

Recently UpdatedСингапурдың бұрынғы үкімет басшысы сияқты Назарбаев та өз елін үшінші елдердің қатарынан дамушы елдерге көтеріп, Азиядағы көшбасшы елдердің біріне айналдырды.

“Екі басшыны да авторитарлы басшы және адам құқықтарын тұншықтырушылар” деп сынайды.

Сингапурда тіпті көшеде сағыз шайнаған үшін айыппұл төлеткізеді. Бірақ Сингапур мұнай мен газсыз-ақ қаржы орталығына айналды. Нұрсұлтан Назарбаев десе де Азиядағы кішкентай мемлекеттің үлгісі негізінде Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қорын қалыптастырды. Сингапурлың нұсқасы Темасек деп аталады.

Нұрсұлтан Назарбаев әзірге өзінің мұрагерін атаған жоқ. Әйткенмен келесі айда жетпіс жылдық мерейтойын тойлағалы жатқан басшы Лидің ісін қайталауы мүмкін. 2004 жылы Лидің ұлы үкімет басшылығына келген кезде, Ли Министрдің кеңесшісі лауазымын иеленді. Бұл қызмет оған билік тұтастай қолында болмаса да, қажетті шешімдер қабылдауға септеседі.

Қазақ заңгерлері де «Ұлт көшбасшысы» деген құжатты әзірлегенде осыған ұқсас дүниені жасап шығарғысы келген болар.

Қазақстанда осы заңға байланысты өте көп пікірталастар туындады. Президент кеңесшісі Е.Ертісбаев заңның астарындағы маңызын түсіндіре келіп, «Назарбаев – халықаралық деңгейдегі саясаткер болғандықтан биліктен кеткен күннің өзінде қаласа да, қаламаса да сыртқы және ішкі саясатқа әсер етеді» деді. Жеме-жемге келгенде Назарбаев «Ұлт көшбасшысы» атағынан бас тартты.

Мақаланың түп нұсқасын Financial Times газетінің сайтынан оқуға болады

Әзірлеген Мақсат АЯН

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Бұндай пікірді қай елдің журналистері айтып жүр және бұл қай елдің газеті өзі. Мақсат жалпайта салмасайшы.

  2. tyzu
    Мақаланы мұқият оқысаңыз “«Financial Times» тілшісі Изабель Горст” деген жер бар. Енді, осы «Financial Times» сөзін, мына сайтқа қоясыз http://www.google.kz. Бәлкім сұрағыңызға жауап табылып қалар.
    Ыгылов Нысаналы Сапарбайулы
    Оның несі тіл тигізу? Әлде, ҚР Президенті Ли Куан Юдан үлгі алатынын жасырып жүр ме ед?! Әгәраки, солай деп ойласыңыз, мына кітапты оқыңыз – “Ғасырлар тоғысында” Н. Ә. Назарбаев. (Алматы: Атамұра, 2003.- 256 бет.)

  3. “Екі басшыны да авторитарлы басшы және адам құқықтарын тұншықтырушылар”

tyzu жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері