Қазақ рухын асқақтатсам деген арманмен көз жұмды

671 рет қаралды
5

imagesАпта басында Атырауда сапарда жүрген шағында дәулескер күйші, композитор, шебер орындаушы Қаршыға Ахмедияров о дүниелік сапарға аттанды.

Сейсенбіде Алматыда марқұммен қоштасқан қала жұрты қазақ өнерінің орны толмас қазаға ұшырағанын айтып, марқұмды о дүниелік сапарға қимай аттандырды. Күйші 65 жасқа қараған шағында пәниден бақиға озды. Артында өшпес мұрасы, ерекше қолтаңбасы қалды.

Қазақтың қасиетті қара домбырасын әлемдік аренаға шығаруды армандаған домбырашы Алматыда 500 күйшінің басын қосып, ерекше өнер көрсеткен еді. Шағын ғана залда 500 домбырадан төгілген таңғажайып сарын тыңдаушының делебесін қоздырып, рухын асқақтатқан болатын.

Алда болатын Азиада ойындарында 2500 домбырашының орындауында қазақ даласын күймен күмбірлетіп, олимпмиадаға қатысушыларды тосын сыймен қарсы алуды армандап жүрген шағында, кенеттен көз жұмды. dombira2

Қ.Ахмедияров 50-ге жуық күйдің авторы. Орындаушылық шеберлігімен қоса, композиторлығы да ерен, дара талант иесі. Бәрінен бұрын Қаршыға Ахмедияров қазақ рухын асқақтатуды, оны қасиетті қара шанақ арқылы әлемге танытуды мақсат етіп жүрген шағында арманына қол жеткізе алмай кетті. Ұлы күйшінің бұл арманы артындағы еліне аманат, оны енді кім жүзеге асырар екен.

Бақұл бол, қазақ күйінің майталманы.

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Меніңше, иә. Өйткені бұл кісі төсек тартып жатып қалған жоқ қой. Аяқасты келген ажалды құшты.

  2. Күйшің өтті өмірден

    Домбыраның екі шегі үзіліп,
    Бір асылың өтті өмірден, қазағым!
    Өшпестей із тарихына қалдырып,
    Ащы-тұщы тағдырдың, тартып азабын.

    Екі шекті тербеткен асыл қолдардың,
    Жүректерге күймен салған жолдардың
    Орны толмай,талай сыздап ашыр-ау,
    Қарашығындай қазағымның, Қаршығасы,боздағым!

    Жаткан жерің жайлы,топырағың торқа болсын,Бауырым!

    Мәскеу. Маусым. 2010 жыл.

    Өтешова Ж.К.

  3. Иманы жолдас, жаны жаннатта болсын. Қазақтың біртұлға ұлдарының бірі еді.

  4. Ағамыздың күйшілігі қазақ халқымның балаларына дарысын.

Ереке жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері