Үкіметті электронды тұрғыдан тұтыну:

6851 рет қаралды

Биліктің виртуалды кеңістікке шығып, өз қызметін ұсыну ниеті электронды үкімет жобасынан көрініс тапты. Бірнеше жылға кезең-кезеңмен дамытуды жоспарланған портал өзінің бірінші кезеңін аяқтап болды деуге толық негіз бар. Алдағы уақытта енді аталған порталдың тұтынушыға бағытталауы көрініс таппақ. Қазіргі кезде электронды үкімет порталы (www.e.gov.kz)өз дизайнын өзгертіп, мейлінше тұтынушыға жақын болуға тырысуда.

Ғаламдық Ақпараттық Технологиялық есептің биылғы жылғы қорытындысында қазақ үкіметінің технологияны насихаттауына жоғары баға берілген. 134 елдің ішінде 68 орында орналасқан. Алайда бұл сандар Қазақстандағы электронды үкімет жобасының сәтті жүзеге асып жатқанын білдірмейді. Бар болғаны белгілі бір елдің үкіметі технологияны насихаттауда қаншалықты ниетті екенін көрсетеді.

Үкімет өзінің ресми порталында электронды үкімет деген ұғымға былайша түсінік берген: «Электрондық үкімет дегеніміз – бұл ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданумен мемлекеттік органдар, халық және бизнестің өзара іс-қимыл жүйесі. Электрондық үкіметтің ішінде негізгі моделдері 3 байланыс болып табылады: халыққа, бизнеске, мемлекеттік органдарға G2C мемлекеттік қызметін көрсету. Электрондық үкіметтің идеологиясы 2 затқа негізделген. Бұл сервистерді көрсетуге арналған инфрақұрылымды құру және сервистердің өздері. Электрондық үкіметтің құрылымы инфрақұрылымдық компоненттерді құру болып табылады. Олар бірыңғай мемлекеттік деректер қоры, электрондық цифрлық қолтаңба берілетін куәландыру орталығы, азамат қызметті алатын және төлейтін шлюз»

PicsОқып шыққан адамға өзге тілден сауатсыз аударылып берілген мәліметті түсіну қиындық тудырады. Екінші сөйлемнен бастап, қолданушының көзі қатеге сүрінеді (қазақ тілінде «3 байланыс болып табылады», «2 затқа негізделген» деген грамматикалық тіркес кездеспесе керек). Қазіргі кезде осы жобаны жүзеге асырушылар оның қазақ тілінде түсінікті болуына, яки оған бөлек қаржы бөлінуіне қол жеткізе алмаған сыңайлы. Орыс тілінен қазақ тіліне аударатын аудармашы ұстағаннан гөрі, e.gov.kz порталының қазақшасына өз алдына бөлек штат сайлаған жөн болар.

Әлемдік деңгейде «электронды үкімет деп бұқараның мемлекеттік қызметтерді электронды түрде тұтынуы» түсініледі. Яғни, интернетті қолданушы адам қызметті тұтынуы керек. Тиісінше, электронды үкімет порталы тұтынушының сұранысын ескеруі керек. Қазақстанда көп ретте халыққа қандай қызмет ұсынатынын үкіметтің өзі шешіп отыр. Бұл көп ретте жиі қажет ететін анықтамаларды ұсынумен шектеліп отыр.

«Қазіргі уақытта «электрондық үкімет» порталында 41 электрондық қызмет іске асырылған. Бұл зейнетақылық бөлу туралы анықтама алу, ӘЖК телнұсқасын алу, азаматтық хал-ахуал актілері бойынша деректік анықтамаларды алу және басқалар» дейді e.gov.kz сайты. «Ағымдағы жылдың соңына дейін АШМ, ІІМ, ӘМ, ЕЖХӘҚМ секілді мемлекеттік органдардың 60 электрондық қызметін орналастыру, сондай-ақ азаматтарға мемлекеттік қызметтерді веб-портал және «электрондық қызмет» арқылы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкаларының көмегімен төлеу мүмкіндігін беру жоспарлануда» делінген мәліметті де сол ресми порталдан табуға болады.

Алайда бұл жобаның ең үлкен кемшілігі қазіргі кезде тұтунышылық келбетінің солғын тартуында. Бұл сонымен қатар үкіметтің ресми сайттарына да қатысты. «Мәселен, үкіметтің www.government.kz атты сайтын алатын болсақ, домендік атаудың өзі ағылшын тілінде. Ағылшын тілінде бұл сөздің орта тұсындағы кейбір әріптер дыбысталмайды. Сондықтан ағылшынша білмейтін адамдарға бұқара үшін маңызды саналатын бұл сайтты есте сақтап қалудың өзі қиын. Десек те сайтты іздеу тораптары арқылы кілт сөздерді енгізіп табуға болады» дейді үкіметтік ресурстардың қызметін бағалаған «Зубр» ұйымының төрайымы Юлия Натарова.

Келесі бір қиындық электронды үкімет сайтын қанша адам ашып оқи алады? Нақтылы қажет етіп отырған адамдар оқи ала ма? Ресми мәліметтер бойынша Қазақстанда интернет қызметін тұтынушылар саны күн санап өскенімен олардың дені үлкен қала (Алматы, Астана, Қарғанды) тұрғындары. Ал бір құжат үшін ауылдан ауданға, ауданнан облысқа барып, талай табалдырық тоздыратындардың үйіне жылдамдығы жоғары интернет жете қойды дей алмаймыз. Еліміз интернеттеніп келеді деп мақтану түптеп келгенде осындай мәселелерге дер кезінде назар аудармауға итермелейді. Үшіншіден, электронды құжатты айналымға енгізуде барлық үкіметтік мекемелердің (облыстық, аудандық, ауылдық деңгейде) барлығы бірдей мойындауы заң жүзінде бекітілуі орынды болмақ. Себебі облыс мойындаған құжатты аудандағы компьютер ескі болғандықтан қабылдамауы бек мүмкін.

Электронды үкімет жобасына байланысты сең орнынан қозғалды. Қазіргі уақытта бұл жобаның екінші кезеңі ісе асуда. Осыдан санаулы күн бұрын порталдың дизайны да қолданушының ыңғайына қарай бейімделіп, өзгертілді. Ендігі кезекте тұтынушы талабы ескерілуі үшін бұқараның арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп, жоғарыдағы ұсыныстар ескерілсе деген тілек бар.

Асхат ЕРКІМБАЙ

Суретте: Ғаламдық Ақпараттық Технологиялық есептің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресейдің ақпараттық технология саласындағы инновациялық жетістіктері салыстырылған.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,