///

Джамиля Маричеваға 20АЕК көлемінде айыппұл салынды

2740 рет қаралды
Фото: Kazaknews.kz

13 мамырда Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты Джамиля Маричеваның ісін қарауды жалғастырды. Журналист «жалған ақпарат тарату» бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Бұған дейін сот филологиялық сараптама жүргізуден және қылмыс құрамының болмауына байланысты істі қысқарту туралы өтінішхатты қабылдаудан бас тартқан.

Айта кететін жайт, полиция қызметкерлерінің Джамиля Маричеваға қатысты әрекетіне шағым түсіру барысында журналисті ұстаған полицейдің қолында бейнежазбасы бар төсбелгі болмағаны белгілі болды.

Бұған дейін қорғау тарап қызметтік тексеру жүргізуді және полиция қызметкерлерінің әрекетін заңсыз деп тануды сұраған болатын.
Журналист пен қорғаушы тараптың қарсылығына қарамастан, сот үкімет өкілін айыптауға негіз таппай, жеке қаулы шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, Джамиля Маричева – мемлекеттік сатып алу және сыбайлас жемқорлық саласындағы тергеуге маманданған ProTenge жобасының негізін қалаушы. 24 сәуір күні кешке ProTenge негізін қалаушы әрі бас редакторы Джамиля Маричеваның жүгіріп жүрген жерінде полиция бөліміне жеткізілгені белгілі болды. Кейін ол полиция ғимаратынан шығып кеткенін хабарлады.

Құқықтық медиа орталығы журналистерді кінәлі деп тану туралы мұндай шешімдер демократиялық қоғам мен сөз бостандығының негізіне нұқсан келтіреді деп санайды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар