////

Маричева нені бүлдірді? Бүгін журналистің ісі сотта қаралып жатыр

1686 рет қаралды
фото: KazTAG

Осыдан 6 күн бұрын ProTenge.kz негізін қалаушысы Джамиля Маричева өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында күнделікті жүгіру кезінде учаскелік полиция оны қуып жетіп әкімшілік хаттамамен таныстырғысы келгенін хабарлағаны туралы жазған еді. Осыдан соң Джамиля Маричеваны Бостандық аудандық басқармасына жеткізген. Джамиляның айтуынша әкімшілік іс қаңтар айында Telegram каналда Азаттық радиосын қолдап жариялаған жазбаға байланысты қозғалған екен.

Есіңізге сала кетейік, 2024 жылдың басында ҚР сыртқы істер министрлігі  Азаттық радиосының 36 журналисіне аккредитация бермей қойған еді. Кейбір журналистерге аккредитация 2022 жылдың аяғынан ұзартылмаған. Азаттық радиосы сотқа талап арыз ұсынған еді.

ProTenge.kz редакциясы болса, Азаттық радиосындағы әріптестеріне қолдау көрсетіп, пост жариялаған болатын.

Наурыз айында осы салаға жауапты ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі: «Пост қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін туғызады немесе азаматтар мен ұйымдардың  құқықтары мен заңды мүдделеріне айтарлықтай залал келтіреді…. деп мәлімдеді.

Пост сотқа дейінгі тергеу мәселесіне айналып, істі әкімшілік соттың құзырына берген еді. Ал хаттама бастапқыда «Обожаю» Telegram каналында осы постты қайта басқан журналист Асхат Ниязовқа толтырылды.

Осы кезде болып жатқан жағдайға қатысты ProTenge.kz редакциясы: «Бірінші дереккөзге, яғни бізге келудің және ол сұрақтарды тікелей бізге қоюдың орнына құқық қорғау органдары Министрлікке ұнамаған жарияланымды қайта басып жариялаған журналисті таңдапты» деп жазды.

MediaQoldau қызметінің басшысы Гүлмира Биржанова, – Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Жала жабу» бабы бойынша сотқа берген журналист Асхат Ниязовты жауапқа тарту әрекетінен кейін Джамиля Маричеваны жауапқа тарту уақыт еншісіндегі жағдай еді, – деді.

Асхат Ниязовтың мүддесін білдіретін адвокат Әсел Тоқаева бұл іс бірнеше себептерге байланысты тоқтатылуы қажет деп есептейді. «Біріншіден, бұл постта Мәдениет және ақпарат министрлігінің абыройына ешкім нұқсан келтірмеген және пост ешкімнің де ар-намысы мен беделіне нұқсан келтірмейді. Екіншіден, жала жабу туралы бұл істе шағымданушы жоқ. Яғни, осы бапта қарастырылғандай жеке тұлға жоқ. Ал шағымданушының арызынсыз ешқандай іс те болуы мүмкін емес. Бұл істі тоқтату керек».

Свободная Европа радиосы, Свобода радиосы және Қазақстанның сыртқы істер министрлігі журналистерді аккредитациялау мәселесі бойынша медиативтік келісімге келген.

Джамиля Маричеваның ісі «Әкімшілік құқық бұзу туралы» кодекстің 2 бөлімінің 456-2 бабына сәйкес сотқа жолданған. Іс бойынша сот отырысы 2024 жылдың 02 мамыры күні сағат 15.00-де, онлайн ашық сот отырысында өтеді. Адвокат Әсел Тоқаевамен бірге Джамиля Маричеваның мүддесін білдіріп, құқығын қорғайтын MediaQoldau қызметі.

Сонымен қатар, ProTenge.kz каналы Асхат Ниязовқа қозғалған жала жабу ісі тоқтатылғаны туралы хабарлады. 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар