////

Жоғалып, табылған жәдігер

5836 рет қаралды
Бірнеше күн бұрын анам түсіме кірді. Екеуміз бірге бір жаққа ұшқалы жатыр екенбіз. Мен ол түсті жақсылыққа баладым. Анамның жасын, байлығын Алла нәсіп етеді деп жорыдым.
Сөйтіп күнделікті қарбалас басталып кетті. Үйге қонақтар шақырған едім. Соған дайындалдым
 ***
Кешке бұрынғы көршім, қазіргі рухани сыйласымыз Досымбек Қатыран ағам, жеңгеміз Анар Темірханмен келді. Анка кіре беріп:
– Саған ерекше сыйлығым бар. Сені қатты қуантатынына сенімдімін, – деді. Мен тағатсыздана күтіп отырдым.
Анканың да дәті берік екен, үстелден тұрғанша тіс жармады. Кеш аяқталып кетуге айналғанда:
– Сенің анаңның өз қолымен тоқыған тұскиізі қолымызға түсті. Соны арнайы шашу деп алып келдік, – деді.
***
О тоба, осы тұскиізді жоғалтып алғаныма 20 жылдай болған еді.
Өзімше пысықсынып, қағынып-сілкінемін деп, 9-қабаттың балконына жайып қойған тұскиізім ұшты-күйлі жоғалған.
Анам қатты ренжіді.
-Ең соңғы қолтаңбам еді. Әдейі саған арнағам, – деп кейігені есімде.
Тұскиіздің астыңғы бөлігінде: “1995 жыл”, “Егеухан” деп әдіптелген жазулары көзіме оттай басылды.
***
Досай аға де ұзақ жыл еңбек етті ғой. Сонда бір адам сатуға осы тұскиіздің кеп түскенін көріп, Досайға хабарласыпты.
– Осындай адамды танисың ба? Бізге сол кісінің аты жазылған тұскиізі түсті сатуға. Біз сатушыға $ 50 беріп, алып қалдық, -деген екен.
Досай аға мені қуантқысы келіп, әлгі жәдігерді сатып алыпты.
***
Шынында менің қуанышымда шек болмады. Бүгін ертемен анама хабарласып, жоғалған жәдігердің табылғанын айтып едім. Сондай қуанды:
– Соңғы қолтаңбам еді. Балаңның бөлмесіне іліп қой, әжесінің жасын, бақытын берсін, – деді кемсеңдеп. Амин.
Қайтқан малда қайыр бар деген.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар