Павлодар мен Петропавл отаршылдық таңбасынан қашан құтылады?

7944 рет қаралды
4

250px-Sultammahmut_Toraygirov_monumentЖаңа сессия жұмысына қызу кірісіп кеткен Парламент депутаттары жаңа маусымды жақсы лебізбен бастауды жөн көрген секілді. Осы аптадағы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс депутаты Жарасбай Сүлейменов Петропавл қаласын Қызылжар деп атауды ұсынды. Премьер-министрге арнайы жолданған депутаттық сауалға тағы 13 депутат қол қойған екен.

Жалпы, ономастикалық атауларды өзгертуге мораторий жарияланғалы біраз уақыт болды. Оның мерзімі қашанға созылатыны да беймәлім.

петроОтаршылдық таңбасындай болған орыс атауларын өзгерту не үшін керек? Санадағы құлдық психологиядан арылу үшін. Бұл жайлы аз айтылып, жазылған жоқ. Бірақ, тәуелсіздік алған күннен бастап, отарсыздандыру саясатын жүргізуді мұрат тұтпаған Қазақстан 20 жыл өтсе де, кешегі құлдығымызды еске салып тұратын атаулардан толық арылуды да жөн деп таппады.
Бізден өзге посткеңестік мемлекеттер Советтік жүйеден қалған санадағы дақтардан арылу үшін түрлі қадамдарға барып жатыр. Мәселен, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон кеңестік идеологияның сарқыншақтарынан, орыстандыру саясатынан өз жұртын арылту мақсатында «Ов, ев»-тен бас тартты. Сөйтіп, өзі бас болып, «Рахмоновты» «Рахмонға» ауыстырды. Сондай-ақ, тәжік тілінің айбынын арттыру мақсатында орыс тілінің Конституциямен бекітілген дәрежесіне балта шапты. Дәл сондай қадамды Түркіменстан да жасап отыр. Онда түркімен тілін төрге оздыру саясаты баяғыда жүзеге асқан. Украинаның бұрынғы президенті В. Ющенко санадағы дақтардан арылу мақсатында аштық геноциді үшін Ресейді жазғырып, Украина халқынан кешірім сұрауға шақырды. Украинаның жаңа президенті В. Янукович Ющенконың бұл ісін жоққа шығарамын деп халықтың наразылығына ұшырап жатыр.

петропавлАл, біздегі саясаткерлер әлі күнге дейін өздерін Ресейдің құрамдас бөлігі ретінде сезінеді. Соның салдары болар, Өскеменге Ресей президенті Медведев келерде әуежайдың кіреберісіндегі үлкен әріптермен айшықталып терілген «Әуежай» сөзінің орнына «Аэропорт» сөзі қонжиды. Егер, «Әуежай» сол қалпында тұра бергенде, Медведев оған өкпе салмасы анық еді. Өйткені, қазақ елі, ешкімге бодан емес, бостан мемлекет кіреберіс қақпасына қандай сөз жазса да шеттен келген қонақ үшін бәрібір емес пе? Қай ел өзге бір мемлекеттің басшысын күтіп алу үшін маңдайшадағы жазуларын өзгертіп, сол мемлекеттің тіліне көшірген екен. Ондай тарих бізде ғана болған секілді.

Ана бір жылы Ресейдің қазіргі премьер-министрі, бұрынғы президенті Путиннің жары Людмила Путина Астанаға атбасын бұрғанда, Еуразия университеті Ресейдің бас ханымы өкпелеп кетпесін деп «орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасын ашса, Алматы «Русский дом» ашып әуре-сарсаңға түскен еді. Баяғы санадағы құлдық психологияның көрінісін осыдан байқауға болады. Ежелден қалыптасып қалған, қожайынның алдындағы бүкшеңдік, соның кесірінен әлі күнге дейін Ресей мұжықтарының аты берілген қалаларды қазақшалауға дәрменіміз жетпей отыр.

Егер, депутаттар сөзіне құлақ асылып, Солтүстіктегі қос қала қазақы атауға ие болатын болса, осы шақырылымдағы депутаттардың ізгілікті бір іс і осы болар еді.

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Бұл бастама депутаттарымыздың белден төмен түсіп кеткен беделіне аздап болса да абырой әпереді. Осылайша, анда-санда болса да мәнді бір мәселені көтерген дұрыс.

  2. Иә, дұрыс қала аттарын да, өзге дүниелерімізді де қазақшалаған жөн. Мұнымен толық келісемін. Дегенмен, қаншама жылдар бойы Ресейге бағынып келдік. Енді осының бәрінен айналдырған 20 жылда арыламыз деп ойлайсыздар ма? Дәл осы мәселе жөнінде қаншама журналисттер шулап жатыр. Шынымен жан ашыр болса, осы мәселені түбімен кім қазды? Міне, біз болашақ журналисттер қауымы өсіп келеміз, бірақ не үйреніп жатырмыз? Тек астарлап, шулап қана қоясыздар. Ал нақты осы істі қазған журналист бар ма өзі? “Русский домның” ашылғанын жағымпаздық дегіңіз келіп тұр ма? Жо, жоқ ол олай емес, меніңше бұл екі елдің достастығын арттыру үшін жасалған шара. Неге бізді тек проблеманы жазып қойғанға үйретесіздер? Неге оны шешу жолдарына үйретпейсіздер? Мемлекеттің де дамымай жатқаны журналисттердің әлсіздігі, проблемаларды шеше алмайтындары. Мен мұндай мақаланы проблеманы шешуге ат салысқаннан кейін ғана жазар едім. Соңында айтарым, өзгемен салыстырғанды қашан қоямыз? Бұл орынсыз нәрсе, мемлекет деген бала емес қой – “ананың қызы анандай” десе ұялып қалатын… Бұл менің жеке пікірім…

  3. Құлдық психологиядан арылу үшін алдымен қала мен аймақ аттарын қазақшалау керек.Біздер,қазақтар,өз жерімізде өмір сүреміз,сондықтан атауларды таңдау мен ауыстыру өз еркімізде.Кезінде орысшаланып кеткен қала мен аймақтардың атауын қазақшаға ауыстыру – біздің ата-бабаларымыздың алдындағы міндетіміз.Біз өзімізді сыйламасақ та ата-баба рухын сыйлауға міндеттіміз.Ал,өз жерімізде өмір сүре отырып,қалалар мен аймақтардың атауын өзге тілді қылып қойып отыру – ата-баба әруағына жасалған қиянат.”Петр” мен “Павел” орыс халқының әулиелері болса да,киесі олардан асып түспесе кем түспейтін қасиетті тұлғалар ҚАЗАҚ халқында да аз емес.Сондықтан,Петропавлдағы орыс ұлты өкілдерінің “әулие,әулие” деп шулауларына ешқандай негіз жоқ.Олар да Қазақстанның азаматтары болса да,жетекші ұлт – Қазақ болып қалады.
    Санадағы құлдық психологиядан арылу үшін ең алдымен қалалар мен аймақтардың атын толық қазақшалау керек.Сонда ғана ұлт мәселесі адымдап болса да алға жылжи береді.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі