Агент ауру әлде әдет?…

21254 рет қаралды
24

Қазір жастардың бәрі де «агент» деген ұғыммен жақсы таныс. Оның қыр-сырын бес саусақтай біледі. Бәз біреулер үшін агент екінші үйіндей. Бір күн кірмей қалса, суық күнде өздерін далада қонғандай сезінеді. Жасыратыны жоқ, бәріміз агент дегенде ішкен асымызды жерге қоямыз. Құдды бір, дүкенге жаңа түскен заттан құр қалғандаймыз. Оның пайдасы мен зиянын да жатқа айтамыз. Дегенмен, әр бір жастың ойы әр түрлі. Сонымен, агент біреуге зиян әкелсе, енді біреуіне пайдасы шаш етектен.

Перизат Баймұратова (бүркеншік есім) 20 жаста, студент

– Мен үшін агенттің зиянынан пайдасы көп. Өйткені, емтихан кезінде оқытушыға байқатпай келесі бөлмедегі келісіп қойған адамнан дайын материалды, яғни сұрақтың жауаптарын жазып аласың. Ең бір қажет болған құжаттарды бір жерге ат тоздырып бармай-ақ агент арқылы алуға немесе жіберуге болады.

Ішің пысып ерігіп отырғанда таптырмас ермек. Мәселен, ұзын сонар кезекте тұрғанда агентке кіріп уақыт өткізесің.

Ескі достарыңмен қайта қауышып, жаңа таныс табасың. Мысалы, мен 12 жылдан соң бұрын бастауыш сыныпта 2 сынып бірге оқыған құрбымды таптым. Ұзақ уақыттан кейін құрбыммен қайта жолықтырып, тілдесуге мүмкіндік берген агентке деген алғысым шексіз.

Еркебұлан Әлімқұлов 20 жаста, студент

– Бүгінгі біздің жастар агентті қолдану барысында виртуалды өмір сүре бастады. Ол дегеніміз, мына әлемнен өзге тылсым, еліктіргіш әлемде өмір сүру, соның талаптарын орындау деген сөз.

Агентте отырған әр бір адам өзіне деген сенімділікті жоғалтады және ол қатарластарынан әлдеқайда артта болады. Алтын уақытын текке өткізіп, жалған достар тауып, өз денсаулығына өзі балта шауып отыр.

Мен ешқашан агентті қолданған емеспін әрі пайдаланбаймын да. Агентке жұмсаған санаулы уақытты жақсы бір сауапты іске жұмсайық деймін достарыма?!

Мынау бір жастағы екі ойлы пікір. Біреуі жақтаса, екіншісі даттайды. Ал бұған оқытушының пікірі қандай екен?

Ғалия Майкотова, оқытушы

– Қазіргі технология дәуірінде жастарымыз ешнәрседен қалыс қалмауы керек. Агент соның жарқын көрінісі. Мен аса қарсы емеспін, дегенмен жақтай да алмаймын. Себебі, мен ең бірінші студенттерден өтінерім, сабақ үстінде агентті қолданбаса.Оқытушының да, тәлімгердің де ойы бөлініп, дәрістің құты қашады. Ол дұрыс емес. Сондықтан агентті сабақтан тыс уақытта қолданса деймін.

Агенттің пайдасы мен зияны  тең түскен сияқты. Осы екі оймен психолог маманға жүгінген едім.

Анар, психолог

– Жалпы агентті жақсы-жаманға бөле жарып қарауға болмайды. Әрқайсысының өзіндік атқарар қызметтері бар. Бір адам оны жақсы жағынан, екінші біреуі жаман тұсынан қарауы мүмкін. Дегенмен, ол әр адамның санасына, ойлау қабілетіне байланысты.

Біз күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп, өзімізді мүлде ұмытып кетеміз. «Менің де достарым, сырластарым бар. Олар менің хабарыма зәру. Мен олармен ашық тілдесе аламын»,- деген ой әр бір пендеде болуы керек. Сол сәтте агенттің пайдасы баршылық. Агент арқылы жеке әлемге ене отырып, бой сергітіп аласың. Бірақ, зиянды тұстарын да естен шығармау қажет. Күндіз-түні тапжылмастан отырып алу дұрыс емес. Онда бүкіл тірлік жайына қалып, ми мен көз қуатымыз нашарлайды.

Біздің анықтама:

М-агент – ТМД көлеміндегі ең әйгілі жылдам хабар алмасу бағдарламасы. Бүгінде Маil.ru-дың агентін дүние жүзінің 16 млн адамы қолданса, бір уақытта 2 млн адам желіде отырады екен.

Агенттің түрлі нұсқалары да жетерлік. Мәселен, оның компьютерде  5.5, 5.6, 5.7, т.с.с. желі түрлері болса, ұялы телефондағы мобильді агенттің 1.6, 3.5, 3.6, 3.7 және тақауда 3.8 деген түрлері шықты. Ерекшеліктері тек атқару функцияларында ғана. Мысалы 1.6 мен 3.7-ні салыстырар болсақ, 1.6-да «микроблог» шағын ақпарат жазу функциясы жоқ. Ал 3.7 мен 3.8-дің айырмашылықтары, яғни 3.7-нің микроблогына 145 әріп сыйса, 3.8-дікіне 500 аріпке дейін жазуға болады.

Мәдина Жеңісова, ҚазҰУ-дың студенті.

Парақшамызға жазылыңыз

24 Comments

  1. Мадина, ЖАРАЙСЫҢ! Агент – журналистер үшін өте тиімді құрал. Шағын жазба арқылы кез-келген адаммен ақпараттық қарым қатынаста бола аласың. Ал, жеке өмірге келер болсақ, жұмыстан жалыққан, шаршаған кезіңізде достарыңызбен сырласып, көңіл сергітіп алсыз.

  2. Ұялыға елеңдеумен өтер күн,
    Арнадым ба интернетке бір өлең,
    Тұрғынымын “Мой мир” дейтін мекеннің,
    “Агенттің” көшесінде түнеген.
    Бұл менің жаз айында агентпен керемет достасып жүрген кезімде ойыма оралған өлең жолдары. Расында, түні бойы ұйқыны қиып отыру денсаулыққа пайдалы емес екені анық нәрсе. Тіпті, жастар түгілі орта буын өкілдері де “агентке” келгенде қалтасының түбін қағуға дайын. Пайдасы да жоқ емес. Ешкім ешкімге “отыр”, “отырма” демейді. Тек агентке де санаулы ғана уақыт арнағанымыз жөн болар еді.

  3. Әр адамның ойы әр түрлі. Дегенмен, агент қалай болмасын зардабын тигізіп жатыр. Бос уақытымызды тиімді пайдаланудың орнына “агент” деген бәленің құрсауынан шыға алар емеспіз.

  4. Мен тек агентті талдап қана жаздым. Оны пайдалану да, пайдаланбау да әр бір пенденің өз санасында. Тек айтарым, жақсы мен жаманды ажырата білген адам ешқашан бұл жалғаннан адаспайды.

  5. Агентті мен бұрын жиі кіретінмін, сабақта,сабақтан тыс кіре беретін едім.Kазір зияHы бар екенін біле бастадым,Достар агентте көп отырман,агент деген екі ортадағы Дұшпан,қурдас балаларыңмен ұрысканның агенттің әсері.Aгентке кірмен демейм 1тәулікте 2рет кіру керек және 30минуттан аспау керек менің пікірім осындай

  6. Кез келген нәрсе я құбылыс пайдасын һам зиянын қатар алып журеді. Әр адам өз ой таразысына салып, жақсысын алып, жаманынан алшақтай алу керек.

  7. agenttin bzge paidasi da ziani bar dostar bostan bos br brlerinizge akil uiretpenizder odanda oz jurekterinizdi tindap kana jurinizder

  8. Агенттин бир пайдасын айта кетейин: Компьютер аркылы откан кезде агенттен не мой мир жактан 2 адам керекти кужаттарын бир бирине жеткизе алады! Бирак ол пайда ретинде болганымен онын зияны да болады: ол 1)уакытын зая кетиреди (онын орнына китап оку керек). 2)Денсаулыкка зиян(сотка аркылыда я болмаса компьютер аркылы отсада адамнын ен биринши энергиясын тартып алады жане адам коз кору кабилети нашарлайды).

  9. Орыстардың атасының басы, ондай дүниені қазақтар өздері жасап алса қайда қарап отыр. Дегенмен амал жоқ… иииии…

  10. агент достарынмен хат алмасуға өте тиімді сондықтанда агент жасай берсін мәнгіге

  11. Біз жаспыз, көп нәрсенің байыбына барып ойлана бермейміз. Агенттің зиян екенін біле тұра, одан бас алмаймыз. Әрине ата-аналарымыздан бұл үшін ұрыс естиміз.Сол үшін агентке жоламаңдар, бауырлар!

  12. Оиланыңыздар достар агент деге ол шаитан сиякыт жапсып калады одан ешкым шыға алмайды.Бәрімізде былемыз:мысалы быз ата-ананын айтканын тындамйа агентте отырамыз сонда агент бызге ата-ана болганыма ол болмайды.

  13. маган барибир.агент кыздармен сойлескеде тема го.общение устаисын сыртттын балдарымен.кароче агент респект

  14. агенттин пайдасы болмаса, зиян болса, жогарыда айтылгандай шаитанга тенесе, онда ол да адам балсынын колымен жасалган нарсе гой??? керек болмаса пайдасы болмаса жасамайды гой?? пайдасы бюар нарсени ондиргеннин неси жаман?? агент ауру дейды, достарынмен кунде сагант сайын сойлескеннин неси ауру?? арзан ари тиімді! ешкандай артык кемшилиги жок! жогарыда айтылып жаткандай жабысады анау мнау онын барлыгы бос соз! кезинде агентке кирмегендей айтады! мен мысалы агентти жаксы корем достарыммен солескен унайды! алыстагы туыскандарыммен де жиі солесип турамын) сондыктан казак тилин кртады десе усынысым бар казақша жумыс жасайтын агент тектес бир прграмма шыгарылсын! иске косылсын! куана куана келисемиз!

  15. Армысыздар агенттегі асыл халқым,
    Арта берсін әрқашан сенің даңқың,
    Микроблокқа бәріңе сәлем деймін
    Сақтап бір агенттің дәстүр-салтын.
    Мен үшін агенттің зиянынан пайдасы көп, мысалы ол кейбір тормоздарға таптырмас құрал. өзіне айталмаған сөздерін агентте ұялмай жаза береді.

  16. менің өзіндік пікірім агент жайлы негізі агенттің көп нәрседен қалыс қалдыртатын кездері өте сирек кездеседі. я әрине бұл ХХI ғасыр жастар ештемеден хабарсыз болмауы тиіс бирақ қалып қалмау керек деп күндіз түні агентте отырудың қажеті жоқ. агентті пайдалан, тек кажет кезінде ғана. Қазіргі оқушылардың көбісі сабақ кезінде
    де агентте отырады бұл өте жат нәрсе. осы мәселе бойынша ата-аналар балаларына көп мән бесе деймін.

    • Агент ол дегенімііз омірдің гүлі емес пе хахаха агентсіз омір жоқ емес пе хехехе

  17. бул жердегилердин ешкайсысымен келиспймн агент туралы адаам ао турли нарсе ойлайды кейбир адамдар агенттин жаксысын айтып жатса кейбиру зиянын айтып жатады адамнын ойы артурли гой агент бир жагынан пайдалы бр жагынан зиян

  18. агентти мулдем жокка шыгару керек емес агент туралы
    адам артурли ойлайды зиян деп жатса кейбиреулер пайдалы дейди мысалы мен агентке 7 сыныптан бастап кырдым агентке быр кыргесин шыкпайды екесин басында агент деген маган ауру болды агентке кырсем шкпайтыным агентке кыргесн сабак жайына калды алдында айтуга онайдан агентт туралы айтты ата анам сол кезде агент туралы зияны туралы айта бастаганда жыным устап уйдегилерге айкайлайтынмын агентсиз кун коре алмайтын сиякты коринди сабак окысамда агентке кырып отыратынмын сол ушин ата анамнанда уры естидим агент деген тек бос кезде кыретин нарсе ермек деп ойлаймын

  19. duris, ar kimnin oz pikir oyi bar, sol siyakti agenttin ziyanida paydasida bar. mina jerde agent ziyan dep akil aytuwilargada agenttin paydasi kooooop tiyedi))))))))

Кошакан жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері