Қытай үкіметі қазақ әдебиетін дамытуға қаржы бөлмек

858 рет қаралды
9

2011 жылдан бастан ҚХР Шынжаң ұйғұр автономиялы районының үкіметі жергілікті ұлттардың (қытай есебінен аз ұлттар болып есептеледі) ана тілінде жазылған әдеби жасампаздығын қолдау үшін 5 миллион юань (110 млн. теңге) және осы әдеби шығармалар аударма қызметін жандандыру үшін 5 миллион юань, жалпы 10 миллион юань қаржы бөлмекші.

Қазақ, ұйғұр сынды ұлт жазушыларының үздік туындыларын сыйлау және таңдаулы шығармаларды қытай тіліне аудару, сонымен бірге, қытай оқырмандарына таныстыру жұмысын жүйелі атқармақ. Осындай демеу мен шабыттандыру арқылы үздік, әдеби жасампаздыққа толы шығармаларды іркіліссіз кең оқырман қауымға жеткізу, дүниеге бет алдыруды жүзеге асыру жоспарға алынған.

Атап айтар тағы бір жайт, экономикалық қолдау мен жоба ауқымы жыл сайын көбейін, кеңейіп отырмақ. Бұл жаңалыққа қытайдағы қалам ұстаған қандас бауырларымыздың көзқарастары қандай деген мақсатпен біз хабарласқан азаматтардың пікірі төмендегідей болды.

Mural Toktar (Копировать)Мұрал Тоқтар, ҚХР Құмыл аймағында шығатын маусымдық әдеби «Құмыл алқабы» журналының редакторы:

Шынжаң қазақ әдебиеті де жалпы қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы хакім Абайдан басталады. Қазақ жазба әдебиетінің өзге тілдерге, жүйеден қытай тіліне аударылу барысы да сол сияқты Абайдан бастау алып жатады. Бізде одан бері қарай Ақыт Үлімжіұлы, Әсет Найманбайұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Омарғазы Айтанұлы, Жұмабай Біләлұлы болып жалғасар еді…

Қытай азаттығынан бері қарай Шынжаң қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан қытай тіліне аударылмағаны жоқтың қасы. Бәрі аударылды деп айтуға болды. Бірақ, толық, жүйелі емес. Бір ақыннан 3-5 өлең, бір жазушыдан 1-2 әңгіме, қалайда аударылған. Бұл аударма саласындағы еңбек. Елу-алпыс жыл үшін бұл салмақ көтермейтін сан. Мысалы, Омарғазы Айтанұлы өз өмірінде 3-5 өлең, 1-2 әңгіме ғана жазған адам емес қой. Ол тұтас он томдық шығармалар жинағы бар әлемдік тұлға.

Оның бір ғана «Ақ мысық» кітабын алайықшы, олай жазуға қай-қай қаламгердің шалымына келе қоймайтын шаруа. Ол кісінің он томдық шығармалар жинағы қолдан келсе, түгел болмаса да жартылай аударылуы тиіс. Сонда ғана біз өз әдебиетімізді өзге ұлттың көз алдына, құлағының түбіне, тіпті жүрегіне дейін жеткізе аламыз. Бірақ, ұлы жазушы қанша саз жазса да, басқа шет телдері түгілі іргеміздегі қытай оқырмандарына да белгісіз болып қала берді.

Қазақта не көп, қалам ұстаған ақын-жазушы көп. Бірақ, бір ұлт әдебиетін өзге ұлтқа таныстыруда соның бәрін бұрынғыша үзіп-жұлып аудара беру мұрат емес қой, әрине. Оған үкімет жақтан қанша қолдау беріп, қанша қаржы бөлсе де түбіне жетпес. Талғампаздық керек. Аллаға шүкір, қазақ қай-қашан да талантқа тапшы болып көргені жоқ, сол талантты тауып, талдап аудару керек. Осылай істегенде ғана бұл істің нәтижесі болды, ал, қытай саясатын үгіттеу мақсатында болса, одан еш пайда жоқ.

Мысалы, қытайдың әлдебір егімшілік журналына қазақтың бір жазарманының шығармасын аудару керек болды. Шарт, ол жазушы да сөзсіз дихан болуы керек. Аудармашы іздеп жүріп бір диханның (әуескер жазушы) егімшіліктен қолы қалт еткенде жазған бір повестін (бұл кісінің өміріндегі жалғыз шығармасы осы екен) аударды делік. Оның тасасында қанша талант көміліп қалды. Таза өнер алдында саясаттың ойынын әрқашан ұмытпаған жөн. Ал, бұл үрдістің шарттары да жетерлік. Мысалы, жазушы жоқ дегенде Шынжаң жазушылар одағының мүшесі болуы керек екен, сол себепті, Шәмістің шығармалаы аударылды да, Омарғазы тағы аударылмай қала берді. «Өзі жоқтың, көзі жоқ». Біздің журналдағы Жеңіс атты жігіттің повесі аударылды да, 1000 юань (22 мың тг.) көлемінде қаламақы алды да, әдебиетіміздегі құбылысқа пара-пар өзге повестер аударылмай қалды. Айта кетер тағы бір жайт, Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының құрылтайына қатысу үшін бір журналдың бас редакторы болуы керек деген шарт бар екен. Сонда қарапайым халық, халық арасындағы ел сөзін білер есті азаматтар осындай шектеу, шарттардың құрбаны болып кете береді. Ал, бір журналдың бас редакторы болып отырған адам ас ішіп отырған «алтын табағын» кері теппейді деген сөз.

Kakawa (Копировать)Какаша Тұрсынханұлы, «Сен-қазақ» сайтының белсенді қолданушысы:

Қытай жазушысы Уаң Юе Уіннің:«Әдебиет – ар-ұят, әсте саясаттың ойыншығы емес» дейтін сөзі бар. Қытайдың Шынжаңдағы жергілікті билігі мол қаржы төгіп қазақ, ұйғұр тіліндегі әдеби шығармашылықты «сүйемелдемек» болғанының астарында үлкен саяси мақсат жатыр. Жалпыға мәлім болғанындай таяу жылдардан бері Шынжаңдағы аз ұлт зиялылары арасында қазіргі билікке қарсы пиғыл белең алып келе жатыр. Мұндай «қауіпті үрдістің» туылуына Қытай Орталық Үкіметі тіке қадағалап отырған қазақ, ұйғыр тілдерін құрдымға сүйреп бара жатқан аталмыш «Қос тіл саясаты» мен жергілікті халық өкілдерінің құзырлы органдардан жаппай шеттетіліп отырғандығы себепті, әрине, бұлардың бәрі ресми Бейжіңнің Шынжаңдағы тұрғылықты халықты жалған автономиямен алдаусыратып, шын ассимиляция шыңғыртып отырғанының дәлелі.

Идеология саласындағы тізгінді тіпті де тарта түсу үшін, ұйғұр-қазақ зиялылары арасында ұлтшылдық нысайдың күшейіп кетпеуі үшін қытай билігі экономикалық тәсілдер арқылы үйіріп ұстауға ниеттеніп отыр. Қазақшалап айтқанда тақымға түспейтін тұздың тарпаңынан қораға байлап, жемдеп үйреткен есек әлдеқайда көмпіс келеді.

Әрине олардың тезегі де иесінің жалауындағы өрнек секілді бесбұрыштанып түссе «үздіктердің» қатарына кірді дей беріңіз. Екінші кезекте, былайғы жұртты сондай иіс пен дәмге және стилге үйрету үшін әдемілеп қораптап, зорлап жегізе бастайтынына сенеміз.

Мейіржан Әуелханұлы

“Түркістан” газеті

Парақшамызға жазылыңыз

9 Comments

  1. Қос тілді саясат дегенде нені меңзедің Мәке? Сонда қытайда ол бұрыннан барма, әлде соңғы жаңалық па ?

  2. Қос тіл саясаты қытайдағы қытайдан басқа ұлттарға қолданыла бастаған соңғы бес-алды жалдағы саясат. Бұл саясат бойынша мектеп оқушылары тек тіл-әдебиеттен басқа сабақтардың бәрін қытай тілінде оқиды.

  3. Біздің жұртта ше? Жұтаған, қолдау таппаған, қаусаған, қураған кейіпте, адабиат дегеніңіз! Қытайға не айтарымды да білмей отырмын! “Күйесің дұрек, сүйесің…”

  4. Тамаша саясат! Қытайлыктардан биздин елдеги билик кокелерине тәжірибе алу керек сынды. “Өзінікін өзіне бұйырта алмай отырган” қазаққа қара қытайдан үйренер жайт көп әлі……

  5. KAZAKHSTANDA AUZ SU JETPESE OSI HYTAI LYHTARDY ISTETU KEREK HYTAILYH GALYMDAR ALEM GALYMDARINYN AFRIKA NYN JERINEN SU CHYHPAIDY DEGEN JERINEN SU CHYGARIPTY AGAIN

  6. biz osy latyn arpin paydalana bileik again,kop el osyny paidalanyp jur,mongolia syahty elder ogan kochpei ah paidalanayp jur,biz dyn eki til bilgenimiz durys birah kazakh tilin jogary hoiaih

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі