/

Астанада «Мінбердің» семинары басталды

1408 рет қаралды
29

Бүгін Астанадағы Назарбаев университетінде «Мінбердің» кезекті семинары басталды. Семинарға қатысуға Қазақстанның Солтүстік, Шығыс, Батыс және Орталық өңірлерінен өтініштер қабылданған еді. Жалпы, қатысуға ниет білдірушілер саны 50-ден асты. Және Алматы қаласынан, Оңтүстік өңірлерден де өтініштер келіп түсті. Бірақ, бұл семинар-тренингке Оңтүстік өңірлерді қамтуға болмайтын еді. Сол себепті де Оңтүстіктен түскен өтініштерді қанағаттандыра алмадық. Сөйтіп бүгінгі семинар тренингке Астанадан, Қарағандыдан, Қостанай мен Керекуден, Қызылжардан, Өскемен мен Семейден, Ақтөбе мен Ақтаудан 25 адам қатысып жатыр.

“Мінбердің” семинар тренингін Сорос Қазақстан қоры, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы қолдап отырғанын естеріңізге сала кетеміз.

Назарларыңызға “Мінбер” семинарының алғашқы сәттерінен бейне баян ұсынбақпыз.

Танысу сәті

Болашақ блогерлер алғашқы тапсырмаларын орындауда

Ақтөбеліктерге алғашқы сәт қатты ұнап отыр

Алғашқы тапсырманың тұсаукесер сәті

ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының өкілі Әсел Қаратаева семинар-тренингтің мақсаты жайында сөз сөйлеп тұр

Тренерлер “Мінбер”орталығы жайлы түсіндіруде

Парақшамызға жазылыңыз

29 Comments

  1. Істеріңе сәттілік тілеймін! Болашақтарың жарқын болсын!

  2. Семинар өте қызықты да сәтті өтіп жатыр. Керекті мағлұматтарды молынан алуға мүмкіндік ашқан ұйымдастырушыларға мың алғыс!

  3. Семинар өте тамаша өтіп жатыр. Ұйымдастыру жағы керемет. Екі күн жеткіліксіз деп ойлаймын. Мінбер ұжымына шығармашылық табыс тілей отырып, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер деймін!!!

  4. Елордада тұрсақ та Назарбаев университетін көрмеген едік. Сәті түсті. Мінберліктер ерледі. Сеимнардың жұмысы өзіндік реңк пенмазмұнды екендігін жасырмаймыз.

  5. тренинг өте қызықты өтіп жатыр. Жан-жақтан келген журналисттермен пікір алмасып, ой бөлісіп жатырмыз.Ризамын Аршатқа!

  6. Ең бірінші, Мінберге мың алғыс! Қазақ журналистикасының дамуына үлес қосуымызға түрткі болып отырғаны үшін Есенгүл Кәпқызы, Асхат Еркімбай және Аршат мырзалардың еңбектері жоғары бағаға лайық!
    Ал семинар қызықты өтуде, әрі берері мол!

  7. Мінбердің семинары қазақ тілді журналистер арасында жаңа медиа туралы жалпы түсінік қалыптастыруға зор ықпал етіп жатыр. Ұзағынан сүйіндіргей!

  8. Екі күндік семинардың қатысушы ретінде айтар болсам, семинар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Барлық жағдай қарастырылып, журналистердің жаңа медиа технологияны игеру мүмкіндік туғызылды. “Мінбер” журналистер қолдау орталығына алғыс айта отырып, болашақта жұмыстарыңыз жемісті болсын!!!Семинарға қатысқаныма өте ризамын!!!

  9. Осынау игі шараға қатысып отырған бақытты журналистер қауымының бірімін. Семинардың арқасында әсем елордамызбен қауышуға мүмкіндік алып қана қоймай, ең бастысы – уақыт ағымымен заманауи ерекшеліктерге байып келудегі жаңа медиа турасында кеңінен хабардар болдық. Ұйымдастыру жағы көңілімнен шықты. Алғысым шексіз ұйымдастырушыларға!

  10. Міне семинар-тренингтің бірінші күні қалай аяқталып қалғаның білмей қалдық. Әр өнірден келген журналистер бір-бірімен тәжірбие алмасып, бір отбасындай болып кеттік. Осындай іс-шараны ұйымдастырған “Мінбер” журналистерді қолдау орталығына алғысымды білдіремін.

  11. Бәрекелді! Семинар-тренинг өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған! Сонымен қатар мен бүгін өзімнің “оқытушылар жазбалары” атты блогымды ашып, қазақ блогшылар қатарына қосылдым!

  12. Мінбердің Астанадағы семинар-тренингінің алғашқы күні сәтті аяқталып келеді. Ғаламтордың біз білмейтін ғажаптары көп екен. Өрмекшінің өрмегіндей болған Интернетті әрбір қазақ баласы игеруі керек деп ойлаймын.

  13. Жаңылай: әлі талай семинарларға қатысасың, біразына қатысып та жүрсің 🙂

Гүлсаян Ыбырай жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері