/

«Тәуелсіздік жемісі» – қомақты үлес

2149 рет қаралды
4

Жуырда  ақын Мұратхан Шоқанның құрастыруымен «Тәуелсіздік жемісі» атты түрлі- түсті, көркем безендірілген көгілдір кітап жарық көрді.  Бұл кітапта Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған көші-қон саясатын қолдау, қазақ тұтастығы басты мақсат етілген. Тәуелсіздігіміздің айтулы жемістерінің бірі  – алыс-жақын шет елдерден келген бір миллионға жуық қандастарымыз. Кітапта солардың ортасынан шыққан ғалымдар мен мамандардың, өнер адамдарының, сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысып жүрген азаматтардың отанға қосқан үлестерінің нақтылы нәтижелері көрсетілген.  Олардың өмірбаяндарымен қоса үміт-тілектері, ой-пікірлері, патриоттық сезімдері берілген.  Кітап ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған. Автор өзінің тарихи отанына қоныс аударып, туған елінің өркендеуіне зор үлес қосқан барлық қандастарымызды түгел, толық қамти алмағанын айтады. Алайда, бұл да болса жақсының жаршысы, қомақты үлес екені аян!  Иә, біз де Тәуелсіздік жемісті, баянды болсын дейміз!

 Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Бұл кітап шынымен жақсы шыққан екен, осы жиырма жылда шеттен келген ағайынның не істеп, қайда жүргенінен тамаша есеп берген кітап болыпты, құтты болсын!

  2. Окінішке орай Муратхан жеке амбициясынан туындаган әділетсіздікке де барды. Өткенде шыгарган энциклопедиясы да сондай. Адалдык керек Муратхан! Біреуді унатпасан да, кітабына кіргіз!

  3. Ерен еңбегі елге мәшүр, бірақ бұл кітапқа енбей қалған, еленбей қалған қаншама азамат-арыстар бар десеңізші! Ал мына топ мыңның бірі ғана екен!

  4. Бір өзі бір энциклопедия болатын Қабыкей Ахмерұлының бұл кітаптан орын алмағаны өкінішті. Ол кісі 500 қазақ әнін, 100 қазақ күйін жинаған, қазіргі әншілердің бәрі жерден жеті қоян тапқандай айтып жүрген әндерін жинаған қазақтың Затаевичі ескерілмей қалғаны өкінішті.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі