/

Мәсімов мәреге жетті ме?

726 рет қаралды
3

 «Бүгін Алматыда “Рух пен Тіл” жастар клубының үш мүшесі баспа сөз маслихатын өткізді» деп хабарлайды 31-телеарна. Жастар еліміздің эконикалық жаңдайының күрт төмендеуінің, халықтың тұрмыс-тіршілігінің нашарлауының, Қазақстанның мұнай қорының көп мөлшері қытайдың қоржынына түсіп кетуінің бірден бір себепшісі қазіргі үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мырза деп көретіндіктерін айтқан. Сондықтан он мыңға жуық жастардың қолын жинап, елдің әлеуетіне дәйек, дерегі жеткілікті талдау жасап, үкімет басшысын қызметтен босатуын талап еткен ашық хатты Елбасы, президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлына жолдамақ екен. «Біз,– деген,– олар, бұл іске еліміздің түрлі партиялар мен мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдарды да тартып, қол жинау әрекеттерді одан әрмен жалғастырамыз».

Ал біз ойлаймыз: егер жастардың осы айтып отырғандары рас болса, елдің осындай күрделі кезеңде әл қуатының әлсіреуі үкімет басшысының қызметіне тікелей қатысты болса, оның атқарған ісі қазірдің өзінде ұзын саны он мыңға жеткен еліміздің ең белсенді, ең өткір һәм қырағы, һәм екпінді бөлігінің көңілінен шықпай отырса, жастардың атқарушы биліктің жұмысына көңілдері болмаса,  ол жас толқынның осындай ашық қарсылық әрекетке баруына душар етсе, неге ол адамның қызметі мемлекеттік сарапшы институттар мен басқарушы органдардың көзіне ілікпеген?  Елдің саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жағдайына талдау жасап, сарапқа салып, қоғамның жағдайын қорытып, дер кезінде бағасын беріп, ұсыныс енгіушілер солар емес пе? Яғни мемлекеттің көз-құлағы солар емес пе? Әлде оларға көш қайда барады, бәрі бір болғаны? Халықтың жағдайы шынымен нашар ма? Біреулер айына жүз мыңдаған теңге жалақы алып, ал біреулердің күнін көре алмай отырғаны шын ба?..

Әлбетте Қазақ жастары албаты, бекерден бекер қозғалмайды. Қазақ жастары ақылсыз, ойланбай-толғанбай іс жасамайды. Әуелі олар ақсақтың аяғын бағады. Күтеді. Жақсылықты күтеді. Келешек күнге, болашаққа бақытты үмітпен қарайды. Олай болған күнде жастардың бүгінгі іс-қимылын жөн-жосықсыз емес, елдің ертеңгі күні белін қайыстырып кетуі мүмкін ащы да ауыр салмақтың алдын алу деп санауға әбден болатындай.

 Мәсімов еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақыттарда ел премьер министрі лауазымын ең ұзақ мерзімге атқарған басшы. Бұдан бұрынғыларының бәрі ара қонып, ерулеп аттана берген-ді.

Сонымен… сонымен Мәсімов мәреге жетті делік, сонда оның орынына кім келеді? Соңғы кездері төбесін жиі көрсетіп, жіти басып өрлеп келе жатқан Құлыбаев па? Жастар ол жағынан ауыз ашпады. Әрине, бұл жастардың шаруасы да емес.

 Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Оларды да түртіп отырған біреу бар ғой. !йтпесе қайдан батыр бола қалды дейсің

  2. Президент Путин “Ке­дендiк одақ Еуразиялық экономикалық одақтың алғашқы баспалдағы, мұ­ны ары қарай жалғастырамыз, осы арқылы Батыс елдерiне те­резесi тең бәсекелес боламыз” деп ашық мәлiмдедi. Бiр сөзбен айтқанда, Кеден­дiк одақ бiзге экономикалық жағынан ғана тиiмсiз емес, бұл – тәуелсiздiгi­мiзге нұқсан келтiретiн қатерлi құрылым. Осыны бiле әрi көре тұра, Қазақстан билiгi, оның iшiнде Кәрiм Мәсiмов үкiметi бұған неге жол бердi?! Әлде көршi елдiң қас-қабағы мемлекеттiк тәуел­сiз­дiгiмiзден де қымбат па бiзге?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар