/

Я.Сенбілік

943 рет қаралды

Жарнама емес, бірақ Алматыда өтетін бір шара туралы айта кетейін. Нақтырақ айтсам, хабарландыру деуге болатын шығар. Қазір Мәскеуде Яндексте жұмыс істеп жатқан бір танысымыз  gmail buzz-ына жариялапты. Араларыңызда қызығушылық танытатындар болар деген сеніммен.

Я.Сенбіліктер

Я.Сенбілік — технологияларға арналған іс– шара, бұл іс-шараға қатысушылардың басым бөлігі  бағдарлама жасаушылар мен техникалық мамандар болып табылады.  Бұл жерде сіздер технологиялар, инновациялар, пайдалы тәжірибелер, шешімдер, сонымен қатар  API Яндекс туралы біле аласыздар.

Алматыдағы Я.Сенбілік

Алматы қаласында  2011 жылдың  15 қазанында Я.Сенбілік өтеді.

Бұл сенбілік кездесуде  Яндекс қызметкерлері Қазақстанға қатысты немесе мамандарға пайдасы тиетін өздерінің технологиялары мен шешімдері туралы айтып береді.

Я.Cенбілікте сіздер:

  • Яндекстің Қазақстандағы қызметі
  • Яндекстің веб-виджеті деген не
  • Яндекс.Пошта
  • Яндекстің беттеуі мен беттеушісі қалай дамып жатыр
  • Яндексте спорттық жобалардың жасалу жолдары
  • «Лунапарк» дегеніміз не: теория мен тәжірибе
  • видеохостингті дамытушылар алдында қандай негізгі мәселелер тұр
  • Android OS қа арналған Yandex MapKit дегеніміз не
  • Көшелердің панорамасы қалай жасалады т.с.с. нәрселер туралы біле аласыздар

Я.Сенбіліктің бағдарламасын мына жерден қарауға болады.

Басталуы  — 15 қазан, сағат 10.

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Құрманғазы, 36, «Достык» қонақ үйі.

Қатысу ақысыз, бірақ  алдынала тіркелу қажет.

Іс-шараға тіркелу 14 қазанның 18:00-ге (Мәскеу уақымен) дейін жүргізіледі.

Бұл іс-шараға қатыса алмағандар үшін онлайн-трансляция ұйымдастырылады.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова (baqytgul@gmail.com )

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар