//

Алматы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың астанасы

904 рет қаралды

Алматы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың астанасы болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгін Алматы қаласы делегациясы қала әкімі Ахметжан Есімовтың басшылығымен Брюссельге (Бельгия) келді.

Ертең, 29 қараша күні онда 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізуге үміткер елдер таныстырылымдарын жасайды. Алматы кандидатурасын қала әкімі Ахметжан Есімовтің өзі ұсынатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 2017 жылғы қысқы Универсиаданы өткізуге екі қала – Алматы және Тренто (Италия) үміткер болды. Алайда, экономикалық дағдарысқа байланысты Италия Үкіметі өз үміткерлігін алуға шешім қабылдады. Алматы қаласының еш бәсекелесі жоқ болғандықтан, Алматыны 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың астанасы болады дей беруге әбден болады.

«ҚазАқпарат»

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі