Төбеттер

1437 рет қаралды
4

       

Бағзыда итті көбек дер,

Күшік қой біздің бөбектер!

Тақымы тайға тимеген,

Тақ үстінде өбектер.

Саумалға толса көнектер,

Сағымды қуып жөнеп бер.

Еңліктері ерғашты,

Ен сүйреткен Кебектер.

Азайып,

азып төбеттер,

Төбеге шықты тезектер.

Заманым сондай болған соң,

Қаламым қажып төгед тер.

Қайғыдай қара төнет төр,

Оны да жалмап көмед көр.

Төбетім алып алқымнан,

Тұлпарым бір күн тебет көр!

Ей, Тәңірсіз өлі еттер,

Құнымды кеткен төлеп бер.

Төлемесең құнымды,

Тастайды талап Төбеттер!

Б.Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Ей, Тәңірсіз өлі еттер,
    Құнымды кеткен төлеп бер!
    Төлемесең құнымды,
    Тастайды талап төбеттер!….

    Бізде Төбет қалды ма, өзі?

  2. osi olennin astari magan unadi. tek qana it turali jazilgan dep qarauga bolmas. “talap tastaytin tobetter” atten az.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі