///

Бақытбек Бәмішұлы. Алматы күзі

52 рет қаралды

Алматы күзі

Алматыға күз келді.

Қызыл ала қыз белді.

Жоғалтқаның бар еді,

Дегендей-ақ ізде енді?

Жоқты қайдан табамын?

Ызғар сіңген табаным.

Өмір өтіп барады,

Шыжығымен қаланың.

Табыла ма іздеген?

Сыртым бүтін мұз денем.

Ойлы мұңға батырған,

Қоңыр тірлік күз деген.

Қымтасам да үлдемен,

Жел үреді іргеден.

Жас еді ғой жарығым,

Кеше ғана бүрлеген.

Көбейгені сезігім,

Шөмейгені сенімім.

Қоңылтақсып күз түсе,

Қоңқылдайды сезімім.

Күздің күні жаңбырлы.

Жер жұмсарып, жаңғырды.

Еңбектеді жас сәби,

Жөргектегі тағдырлы.

Жоғым ба осы іздеген?

Күдерімді үзбеп ем.

Кемтігіңді толтырар,

Кемел екен күз деген.

Күз келгенде егілем.

Күрең ойға жегілем,

Көпіргенмен қу дертім,

Көңілімде: Елік – ем.

07.10.2026 ж. Алматы.

Ескерту: 1. «Жер жұмсарып, жаңғырды» жолы Алматыға арналған.

  1. Бұл өлең әнге де сұранып тұрған сияқты.

2.Сурет Досжан Балабекұлының ФБ парақшасынан алынды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар