//

Әлихан Бөкейханов туралы фильм шықты

2926 рет қаралды
1

Бүгін Астанада «Алаштың Әлиханы» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді. Жарты сағаттық бейнематериал Алаш арысының өмірі мен қайраткерлігі хақында түсірілген.

Шығармашылық топ Алашорда көсемінің туған топырағына ат шалдырып, алаштанушы ғалымдардың құнды пікірлерін жинақтаған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, туынды тұсаукесерінің желтоқсанның 13-іне белгіленуінің де сыры бар. Өйткені қазақ қауымын жарты ғасырға ілгерілеткен «Алаш» қозғалысының іргетасы да желтоқсан айының 13-інде қаланыпты. Осылайша алашшыл азаматтар «Алаш туы астында: Алаш. Желтоқсан. Тәуелсіздік» атты апталықты тәмамдады. Кешті ұйымдастырушылар деректі фильмнің тұсаукесеріне жиналған ғалымдар мен журналистерді марапаттап, соңынан «Алашорданың» әнұраны шырқалды.

Дереккөз: 1tv.kz

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Иә, Әлихан бабамыз бір аунап түскен болар. Алаш арыстарының рухын асқақтата берейік!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі