/

Cайлау алдындағы саяси белсенділік артуда

546 рет қаралды
Сайлауалды додасы басталмаса да саяси партиялар БАҚ-тың назарында. Мәселен, өткенде “Әділет” үндеу тастаса, бүгін “Нұр Отандықтар” тақылеттес бастама көтерді. Ал ең соңғы болып тізімдерін тапсырған “Ақ жол” партиясындағылар болса, бүгін орталық сайлау комиссиясының батасын алды. Төраға Тұрғанқұлов партия төрағасына кандидат куәлігін жеке табыстады. Ақжолдықтар соңғы болып тізім тапсырғанымен “Нұр Отаннан” кейін екінші болып тіркетті. Дегенмен жетпістен аса адамның тізімі біраз қысқарыпты. Себебін партия төрағасы Азат Перуашев айтып берді: “63 үміткеріміз тіркелді, негізі 79 ұсынғанмыз. Бұл деген немен байланысты? Біздің партиямыздың ішінде көп кәсіпкерлер болатын. Олардың біразы қысқа мерзім ішінде салық декларацияларын толтыруға үлгермеді. Сондықтан тізіміміз 63 адам, бұның өзі аз емес. Бұл да лайықты тізім.”
Әлеуметтанушылар да саяси науқанға араласа бастады. Бүгін Азаматтық Альянс ұйымының өкілдері биылғы додаға әзірліктерін мәлімдеді. Олар Халық арасында үш кезеңнен тұратын әлеуметтік сараптама өткізбек. Біріншісі үгіт насихат кезеңінің алғашқы күндеріне жоспарланса, екінші сауалнама доданың орта шенінде қайыра өткізілмек. Соңғысы — экзит пул. Әлеуметтанушы Юлия Кучинская: “Экзит пул сауалнамалары 50 мың адамға жүргізіледі. Олар барлық аймақтарда тең бөлінетін болады. Қала және қырдағы елді мекендердің барлығын қамтиды” – деді. Бір қызығы, “халық пікірі бойынша мәліметтер әр кезеңде өзгеріп отырады” деген әлеуметтанушылардың мәліметтері соңғы сәтте ресми ақпараттарға жақын болып шығады екен.
Дереккөз: kaz.stan.kz
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі