//

«Қазақ тілі екінші сортты азаматқа айналдырады…»

597 рет қаралды

Осыдан біраз уақыт бұрын «Свобода слова» газетінің бас редакторлығына Евгений Рахымжанов деген біреу келді дегенде көзі қарақты оқырман күдікті ойда қалып еді. Алаң көңілдер алдамапты. Ол өзі басқаратын басылымда (№ 44-45, 1.12.2011) қазаққа қарсы пайдалануға көшкен сыңайлы. «Одақ және тіл туралы» деген мақаласында былай деп соғыпты:

«Менің жеке пікірім сол, Қазақстанда орыс тілі екінші мемлекеттік тіл болу керек. Дауласпаймын, менің пікірім субъективті, өйткені, орыс тілі – менің ана тілім… Тек тұрмыстық деңгейге ғана қолдануға жарайтын, онда да өте қиындықпен, қазақ тіліне өту дегеніміз – бәрімізді екінші сорттық азаматқа тез айналдырумен тең».

Рахымжанның ұрпағы өзінің Қазақстанда тұратынын, мемлекеттің қожасы қазақ халқы екендігінен бейхабар сынды. Жария түрде «Қазақ тіліне өту дегеніміз – бәрімізді екінші сорттық азаматқа айналдырумен тең» деуі кез келген қазақтың намысын оятатын пікір екенін газеттің білдей басшысы білмей ме, әлде әдейі отқа май құйып отыр ма?

Одан әрі ол «Ал бұл дегеніміз жеке түйсік талабы болсын, халықаралық демократиялық талаптары болсын бәрібір комильфо (сыпайылық) емес, өйткені анықтама бойынша тіл белгісі кез келген сегрегация (бөлектеу), қысым жасау расизм көріністерінің бірі болып табылады» дейді.

Ендеше, орыс тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру қазақ тіліне қысым жасау болғаны ма, редактор мырза?

Дереккөз: “Нұр АСТАНА”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар