//

Премьер-министрдің айтқан дағдарысын қаржыгерлер жоққа шығарды

546 рет қаралды

Бүгін Астанада өткен алқалы жиында сарапшылар “Келер жылы Қазақстанға төніп тұрған экономикалық дағдарыс жоқ” деді. Олардың айтуынша, елімізде экономикалық дағдарыс тақырыбы саясат үшін ғана қоздап тұр. “Әлемдегі қуатты мемлекеттердің экономикасы барған сайын құлдилауда. Осының салдары Қазақстанда қалай болмақ?” Белгілі қаржыгер Ораз Жандосов: “Елімізде шешілмеген мәселелер шаш етектен. Бірақ, макроэкономикалық алаңда алып бара жатқан қауіп жоқ” дейді. Ол алдағы үш жылдың бюджетінде әлеуеттік салаға жұмсалатын қаржының көлемі артпағандығын айтты. Бұл инфлияцияның шарықтауына тежеу. “Сондай-ақ, бүйірімізді томпитқан шикізаттың бағасы құлдырап та кетпейді” дейді белгілі қаржыгер.

Ораз Жандосовтың оптимистік бұл көзқарасы отырысты жүргізуші Нұрлан Ерімбетовты таңдандырып тастады. “Онда неге премьер-министр Кәрім Мәсімов: “Дағдарыс келе жатыр” – деп дабыл қағады? – деп, табан астында сұрақ қойды. Ораз Жандосов: “Кәрім Мәсімов өзі жақсы көретін Қытайға келе жатыр деген шығар” деп, қайырды. Жиынға қатысқан қаржыгерлер мен экономистер: “Әлемде ақуал қалай құбылса да, Қазақстанды келер жылы тобықтан шалып құлататын дағдарыс жоқ” дегенге тоқтады. Олай болса, “Орасан зор дағдарыс келе жатыр” деп, “Мәжіліс өзін-өзі неге таратып жіберді?” деген сұраққа қаржыгерлердің айтарға жауаптары жоқ болды.

Дереккөз: kaz.stan.kz

Сурет: www.flickr.com

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі