//

Парламент жаңа болғанымен, саяси жүйе өзгермейді

997 рет қаралды
4

Дауыс беру аяқталысымен, бір аптаның ішінде Парламент Мәжілісінің Ү сессиясының ашылу салтанаты өткізіліп, Үкімет толығымен жасақталып бітті. “Жаңа Парламент” ескі үкіметке қайта сенім артты. Осы орайда бірнеше саясаттанушыға сауалдар қойып, пікірін білген едік.

Расул Жұмалы, саясаттанушы: Үкіметтің ауыспайтыны мәлім еді. Ауысса да өзгеретін ештеңе жоқ

–    Ресми мәліметтер бойынша жалпы қазақстандықтардың 80% сайлауға қатысты деген мәліметке сенесіз бе?
–    Сенбеймін. Сайлау қорытындысы бойынша  “Нұр Отан” халықтық партиясы 80% дауыс жинады. Алайда, 80% дауыс жинағандығы біршама таңқаларлық көрінді. 

– Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы (ҚКХП) 3-ші орынға ие болып, 7 депутаттық мандатқа қол жеткізді.  Біздің ойымызша, бұл партия халыққа   танымал емес. Аталмыш партияның сайлауда 7,2% дауыс жинағанына сенесіз бе?
–    Заң бойынша көрсетілгені 7%-дық барьер. Сондықтан қалған 2 партия “Ақ жол” және ҚКХП-ның 6% емес, 5% емес, не 8% емес, дәл сол 7%-дан артық алғанының өзі  күмән туғызады. Себебі 7%-дық барьерден екі партия қатарынан өтті. Неге 8% немесе 9% болған жоқ? Бір партия болған жағдайда  кездейсоқтық деп қабылдауға болар еді. Қатарынан 2 партия 7%-дан асқандығы айтарлықтай күмән туғызады.
–    Жаңа үкімет жайында не айтасыз?

– “Нұр Отан”  партиясы сайлауда жеңіп шыққаннан кейін Мәсімовтің орнында қалатыны айқын болатын. Демек бұрынғы саясат өзгере қоймас. Әрине, жаңа бағдарламалар мен жобалар қабылдануы мүмкін, бірақ тың жаңалық, тың саясат енгізеді дей алмаймын.
Кәрім Мәсімов:

– Мен Президентіміздің көмекшісімін, – деп айтқан болатын. Бұл ешқандай өзгеріс әкеле алмайды, тіпті К.Мәсімов ауысқан күннің өзінде де қалыпты саясат шеңберінен аса алмайтынымыз анық.

-Рахмет!

 Петр Своик, саясаттанушы: Сайлау нәтижесі алдын ала ойластырылып қойған

– Ресми мәліметтермен жалпы реальды жағдай сәйкес келе ме?! Сайлаушылардың 80%-ы сайлауға барды ма?!
– Әрине жоқ, барлығы жалған болды. Парламенттегі орындар алдын-ала ойластырылып қойған. Алматыдағы сайлаушылардың тек 30%-ы дауыс берсе,  Астанада бұл көрсеткіш 40% болды. Бұл қалаларда бақылау, басқа қалаларға қарағанда қатал болғандықтан олар көп көзге түспеуге тырысты. Алайда, басқа облыстарда, әсіресе ауылдық аймақтарда дауыс берушілерді екі, тіпті үш есе көбейтуге мол мүмкіндік болды.
– Руханият партиясына қатысты жағдайға қалай баға бересіз?!
– Жаңаөзенде орын алған жағдайларға байланысты, Руханият партиясы көп адамдар үшін паналайтын орынға айналғандай болды. Парламентке өтіп кете ме деген қорқынышпен, Ақорда “Руханият” партиясын үміткерлер қатарынан шығаруды жөн көрді.
– Дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстанның Коммунистік партиясы 3-орынға табан тіреді, ал біздің білуімізше бұл онша маңызды партия емес, бірақ 7,12% дауысқа ие болды… Бұған сенесіз бе?!  
– Жоғарыда айтқанымдай, парламенттегі орындар алдын-ала ойластырылып қойған.
Парламенттік үшбұрышқа “Нұр Отан” мен “Ақ жолдан” басқа, бір партия керек болды. Ал Қазақстанның халықтық Коммунистік партиясы бұл орынға әбден келеді, себебі олар ашса алақанында, жұмса жұдырығында. Барлық параметрлері бойынша келетін болғандықтан Парламент құрамына кіргізу қажет болды.

–  Жаңа Үкімет  жайында не айтасыз?
– Парламенттің үш партиядан құралғаны дұрыс. Бірақ бұнымен олар ештеңе ұтпайды. Бұл жалған парламенттің машақаты көп болады. Экономикалық проблемалар, дағдарыс  бізді айналып өтпейді, сол кезде Парламент тірек болмайды.
Бүгінде ОБСЕ де сайлаудың өту барысына теріс бағасын беріп отыр.

 – Рахмет!

Дос Көшім, саясаттанушы, “Ұлт тағдыры” қозғалысының жетекшісі:

–   Қазақстан тарихында ең ұзақ отырған үкімет Мәсімов үкіметі болды. Себебі не деп ойлайсыз?
– Менің ойымша, оның себебі, біріншіден, Мәсімов белгілі бір нәрсені өзгертуге қауқарсыз.  Ол өзіндік жеке саяси бағыты бар саясаткер емес. Ол тек қана биліктің айтқанын орындаушы ғана. Мысалы, осының алдында болған Балғымбаев, Тасмағамбетовтер саяси деңгейде жұмыс істей алатын адамдар. Сондықтан олардың келешекте басқа бір ішкі ойлары болуы мүмкін еді, ал бұл болса тек қана орындаушы болғаннан кейін,  осындай адамды ұстап отыру тиімді.
    –  Мәсімов үкімет басына келгелі есте қаларлықтай не атқарды?
– Меніңше, есте қаларлықтай ештеңе істеді деп ойламаймын. Шамасы келгенше, мүмкін, кемені батырмай осылай атқарушы биліктің басшылығын ұстап отырған шығар. Бірақ, ешнәрсе істеген жоқ. Тек есімде бір-ақ нәрсе қалғаны министрлердің отырысын қазақ тілінде жасаймын дегені ғана есімде қалыпты.
    –  Ендігі ғұмыры қанша болады?
– Қазақстанда ешкім үкімет басында көп отыра қоймайды. Себебі, халықтың әлеуметтік т.б. жағдайы нашарлаған уақыттарда үкімет басын ауыстырады да, сол бәріне кінәлі сияқты болып қалады. Менің ойымша, бұл кісі де көп отыра қоймайды. Әрі кетсе 1-2 жылдың көлемінде шығар. Себебі, оған берілген негізгі тапсырма –  экономикалық бағытта диверсификация жасау. Менің ойымша, бұл оның қолынан келмеді. Біз шикізатты   мемлекет болып қалдық. Жаңа технологиялы өндірістерді қайтадан аяғынан тұрғызуға оның шамасы келмеді деп ойлаймын.
    – Мәжілістің қазіргі құрамына көңіліңіз тола ма?
– Жоқ, менің көңілім толмайды.
– Себебі?
– Біріншіден, көпшілігі «Нұр Отаннан» барған бұрынғы адамдарды қойған. Содан кейін екі партиядан барғандардың шынын айту керек мен тек басшыларын ғана танимын. Басқаларын танымаймын. Олардың ешқайсысы көзге түсіп жүрген, белгілі бір саяси аренада жүрген адамдар емес. Негізінен Парламентке саясаткерлер келу керек.

-Рахмет!

Сауалнаманы жүргізгендер: Айдана Ағламбекқызы, Әсел Алтынбекқызы, Айдос Мырзахметов, Назерке Ахметова.

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Саясаткерлердің пікір, пайымы негізінен дұрыс, одан ешқандай сайқымазақтықты көріп отырғанымыз жоқ. бұл әр кімнің көзалдында өткен кезекті ойын болды. халықтың үнсіз, тілсіз екенін тағы бір рет пайдаланды. Амалың жоқ болса не істейсің? Осылай өтеді күндер. Күңіренгеннен де пайда жоқ. Жұртым ілдалап күніңді көре бер.

  2. Ауасы алмаспай қалған сасық үй сияқты боп кетті ғой бұл ел. Кішкене самал соғып, көктем келсе дұрыс болар еді.

  3. Қуатты мемлекет боламыз десек, ең алдымен халықты алдамау керек!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі