//

Қонақ депутаттар

774 рет қаралды
4

Апта бұрын мәреге жеткен сайлауда жеңіс алған Қазақстан Республикасының парламентінің мәжіліс депутаттары 2012 жылдың қаңтар айының 20 күні алғашқы бесінші сессиясын бастаған-ды. Бұл жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысып,  қадағалап отырған. Депутаттар бірден мінберге шығып, «Ата Заңға» оң алақандарын қойып, елі үшін, жері үшін, халқы үшін, елбасы үшін аянбай қызмет етеніндерін айтып ант берген.

 

Алайда, аузы дуалы, ілгеріде қабылданар әділетті заңдардың авторлары, көргені көп, оқыған-тоқығаны бар, талай талқыға түсіп ысылған, білім-ғылымға кемел, сан саланы меңгерген, байсалды да байыпты болуға керек жаңа депутаттар мінберге бүгін шығып тұрғандай-ақ күй кешті. Бірі қалтырып дірілідесе, бірі айтар антынан жаңылып, жаңғалақтап, ал екіншісінің есі кеткені сондай «Ата Заңға» алақан қоюды да тарс ұмытып терлеп-тепшіп мінберден түсіп жатқаны көрінеді (Kplus). Ойпырым-ай, деп біз отырмыз. Жүз неше депутатты (106) шырқ иіріп, дымын шығармай уысында ұстап отырған Ұлт Көшбасшысының сесі, немесе қара құсынан қадалған сұғы, я болмаса мысы басты ма, қалай болғанда да әйтеуір, жалындап, жарқылдап, асқақ сөйлген жан көзге түспеді, отты Нұрлан Нығматулиннен ғана көрдік. Содан болар көңілге жаңа депуттарымыз мәнсіз әрі әлсіз, болбыр болған-ау деген ой бірден келді. Өйткені қазақта бір сөз бар ғой, болар бала боғынан деген. Демек, мына мәжіліс депуттарының алғашқы аяқ алыстары шүу дегеннен-ақ тәлтіректеп, елбасына жалтақтап, жаңа түскен келіндей именіп, оның қабағына қарай бергендерінен-ақ олар өзіндік, мендік,  жаңа ой, тұрлаулы сана шығара қояды дегеннен гөрі айтқанды екі етпей орындап, қол көтеріп ғана іс тындыратын топ қарасы ғана ма деген ой түйдік.

 

Депуттардың ішінде де не түрлі кісі бар сияқты, тіпті кейбірі өзін алқалы жиынды тойға келгендер алдына шықтым деді ме, әлде шыныменде мәжіліс залына жиналғандарды «дүние ойлап тұрсам шолақ екен, адамдар бір-біріне қонақ екен» дегендей өздерін осы залға келіп-кететін қонақтарға теңегені ме әуелгі сөзін «Ал, құрметті қонақтар,…» деп бастағанда әуелі аң-таң қалған депутаттар арасында  сөз білетіндері де бар-ау күлісіп жіберіп, соңына бәрі соған ілесіп бір жадырасып қалды. Сөйтіп «құрметті қонақтар»  өз жұмыстарын әлсін-әлсін соғылған шапалақпен бастап кетті.

 

Мәжілісмендер өздеріне басшы етіп «Нұр-Отан» партиясының ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинді бірауыздан сайлап алғаннан кейін дереу үкіметтің жаңа басшысына дауыс беруге кіріскен. Бұдан соң мәжілісмендер жүз алты депутаттың бесеуі қарсы, сегізі қалыс қалып, қалғандарының қолдауымен бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовті қайта қолдап шықты. Ал Мәсімов өз кезегінде «кейін басқа уақыт, басқа заман келер, басқа үкімет те болады, ал мен Елбасының көмекшісімін, солай қаламын» деп өзінің Ұлт Көшбасшысымен бірдей мәңгіліктігін паш етті. Осы оқиғаны сырттай бақылаған қарт коммунист Серікболсын Әбділдин: «Мәсімов өзінің үкімет басшысы емес, бар болғаны президенттің көмекшісі ғана екенін баса айтты, оның еш нәрсеге жаны ауырмайды» деген екен. Бұл «пұл болмасаң, күл бол деді»  деген сөз ғой.  Қалай десек те Қажымханның ұлы қажымаған һәм қажытпаған екен. Мүмкін қыс өтіп, жаз келіп жаңадан түлейтін табиғат заңдылығына сай бір ойланып, жанын салып та көрер. Солай қайырлы болсын деп тілелік. Ал депутаттардан қонақпыз деп қонжиып отырмай қомақты іс жасауын қалайды халық.

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Орынды баға. Бұл болбырлық енді қаншама шу, қаншама жанайқайды осындай нәубез, есінеген күйде қарап, халықты қан қақсатары белгісіз… Жаратқан Иеміз артын қайырлы қылсын!

  2. осыдан кейін халықтың тобыр екеніне қалай сенбейсің. бұл бір топ тобыр. өткен ғасырдың зардабынан әлі арыла алмай жатқанымыздың айғағы осы. болбырлар біраз уақыт тайраңдайды. оған дейін терістіктегілер іліп кетпесе…

  3. Бұларда бет жоқ… қалыңдап көн тері боп кеткен сияқты ғой…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі