//

Сайлаудан кейінгі апта

831 рет қаралды
1

Сайлау өтісімен, Парламент Мәжілісіне баратын партиялар бірден белгілі болды. Әуелі exit-poll әлеуметтік сауалнамасының нәтижесі жарияланды, сосын ресми мәлімдеме жасалды. Бір қызығы – әлеуметтік болжам мен сауалнаманың арасында ешқандай өзгеріс болмады. 

Сосын партиялар тізімімен мандатқа ие болған депутаттар белгілі болды. 83 мандатқа ие болған “Нұр отан” партиясында жаңа есімдер жеткілікті. Мәселен, “Нұр Отан” партиясы жетекшісінің І орынбасары Нұрлан Нығматуллин, Дариға Назарбаева, Мәулен Әшімбаев, Гүлнәр Ықсанова,Бақытбек Смағл, Абай Тасболатов  т.б.  жаңа есімдер бар.

Ұлтшылдардың аманатын ту ғып көтерген, партиялық тізім бойынша Амангелді Айталы, Смағұл Елубай, Исраил Сапарбай, Қазыбек Иса секілді ұлттың сөзін сөйлейтін, Алаштың арманын арқалаған азаматтар бар еді. Партияның негізгі көзірі де осылар секілді көрінген. Бірақ өкінішке қарай, Мәжіліс құрамынан 7 орын иеленген “Ақ жол” партиясы атынан сайланғандар қатарында бұлардың бірі де жоқ. Олар:

1) Азат Перуашев – «Ақ жол» ҚДП төрағасы;
2) Азамат Әбілдаев – «Корпорация «ҚазГранит» ЖШС-сінің президенті;
3) Нұрлан Жазылбеков – Алматы облысының Қарасай ауданының Кәсіпкерлер одағының төрағасы;
4) Меруерт Қазбекова – “Қазақстанның әйел-кәсіпкерлер одағының” төрағасы, “Әйел саяси жетекшілігінің республикалық мектебінің” жетекшісі;
5) Екатерина Никитинская – «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатаның басқарма төрағасының І орынбасары, “ҚР қаржылық және салық кеңестерінің палатасы” ЖШС бас директоры;
6) Аманжан Рысқали – «МК-Бизнес» ЖШС-інің бас директоры;
7) Сағиятулла Сәрсенов – “Іле” корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы;
8) Алмас Төртаев – “Ақ жол” партиясының Қызылорда облыстық филиалының жетекшісі, «НефтьТехСервис» ЖШС бас директорының кеңесшісі.

Көріп отырғандарыңыздай барлығы бизнесмендер мен кәсіпкерлер, халық сенім артқан ұлт лидерлерінен ешкімді атамаған. Керісінше, былайғы жұртқа аты да, заты да белгісіз, кәсіпкерлердің асығы алшысынан түскен. Бұны қалай түсінуге болады? Сол секілді “Нұр Отан” партиясының партиялық тізімі бойынша депутат мандатына ие болғандар арасында да қазақ проблемасын анда санда сөз етіп қоятын ұлтшылдар қатары сиреп қалған.

Ал еңбекшілердің құқығын ту етіп шыққан “Қазақстанның халықтық коммунистік” партиясының 7 пайыздың кедергіні бағындырып, Мәжілістен 7 орынға ие болуы – кім кімді де таңқалдырғаны анық. Қазақстанның коммунистік партиясына бәсекелес ретінде бой көтерген бұл партия әу дегеннен-ақ биліктің батасын алғаны мәлім. биыл сайлау алдында Серікболсын Әбділдиннен эстафетаны алған Ғазиз Алдамжаров партиясын саяси процестен сүріндіргеннен кейін, саяси аренада бақылаудағы, қуыршақ партиялардың белсенділігі күшейді. Бұл да сондай партиялардың бірі болатын. Бүгіндле байлармен күрес жолын  емес, кедейлердің жағдайын жақсартуды таңдаған олар да 7 мандатқа ие болды.

Жаңа Парламент жасақталысымен, жұма күні Ү сессияның жұмысын ашқан Президент Қазақстан тарихындағы тұңғыш көп партиялы Мәжіліспен барлық қазақстандықтардың құттықтап, бірден Үкіметті жасақтауға кірісіп кетті. Жаңа Парламент 5  жыл бойы Үкімет тағынан түспеген Кәрім Мәсімовтің мерзімін тағы ұзартты. Сөйтіп бұл сайлау анау айтқандай өзгерістер әкелмеді.

“minber-ақпарат”.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Қосылғыштардың орынын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді. Сонда бұл сайлаудың мән-мәнісіне түсіне алмай қалдық. Біраз ақша жиналған шығар, бірақ ол кімнің аузын майлап, ұртын толтырады дейсің.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі