//

«Боинг 737-219 Advanced» апатында құрбан болған қазақстандықтар отбасына өтемақы төленбеген

737 рет қаралды
2

2012 жылдың 20 ақпанында(2008 жылдың 24 тамызында) Бішкектен Тегеранга ұшып бара жатқан Боинг 737-219 Advanced апатқа ұшыраған  кезде қаза болған Қазақстан азаматтарының ата-аналары бұқаралық ақпарат құралдары мен Қазақстан Республикасының Үкіметі және  ҚР Президентіне, қоғамға мәлімдеме жасады. Қайғылы оқиғаның орын алғанына төрт жыл болса да қаза болған азаматтардың отбасыларына сақтандыру өтемақысын төлемеген.

2008  жылы  24 тамызда  «Itek Air»( (Қырғызстан) компаниясына тиесілі  Боинг 737-219 ұшағы Бішкек маңында апатқа ұшыраған еді. «Aseman Airlines» (Иран)  компаниясы жалға алған ұшақ бортында 83 жолаушы және 7 экипаж мүшесі болған. Қазақстан Республикасының үш азаматы Мүшекенов Мұхтар, Цой Евгения, Исаева Гауһар апат кезінде мерт болды.

Қаза болған азаматтардың тумаларының айтуы бойынша кінәлі әуекомпания сақтандыру өтемақысына жауапты сақтандыру компаниясын ұсынбай отыр. Барлық құзырлы органдарға хат жазғанымен еш қайыр болмаған көрінеді. Екі Ауекомпания да («Itek Air»(Қырғызстан), «Aseman Airlines»(Иран)) Ресейдің Әскери Сақтандыру компаниясында тіркелген. Бірақ қайғылы рейстің ұшарынан 20 күн бұрын Иранның «Aseman Airlines»-сы Сақтандыру ұйымынан шығарылған.

Апат кезінде қазаға ұшыраған Евгения Цойдың анасы Раиса Цой: «Ол менің жалғызым еді. Өзі оқып, шет елге жұмысынан оқуға жіберген болатын. Мұндай болады деп кім ойлаған. Біз төрт жыл ішінде көптеген сот мәжілісіне қатыстық. Әлі күнге дейін әділдікке жете алмай келеміз»- дейді.

Ал марқұм Гауһар Исаеваның туған ағасы Қайрат Исаев болса: «Құзырлы органдарға әліміз келгенше хабарластық. Хат жолдадық. Президент  атына хат жолдағанымызда, ол хатты премьер Министрге жолдайды. Премьер министр Сыртқы Істер Министрлігіне жолдап шешілсін дейді. Жауап келді. «Иран мемлекеті мен біздің мемлекетіміздің сағат белдеулеріміз сәйкес келмегендіктен біз хабарласа алмай отырмыз. Иран тарапынан жауап күтудеміз. Бір жарым жыл ішінде жауап болады» деген мағынада. Бір жарым жыл ішінде мардымды жауап келеді дегенге сену қиын. Біз бар болғаны әділдікті талап етеміз.» -дейді.

Сергей Ли: «Осы күнге дейін сақтандыру өтемақысы туралы сот отырысында бірде –бір рет әңгіме қозғалмады. Ұшқыштарды да әділ соттаған жоқ. Қырғыз ұшқыштарын бар жоғы бес жылға соттады. Тергеу ісі жүргеннен бастап жаза ретінде есептелетін болса екі жыл өтіп кетті. Кейін рақымшылық заңына байланысты бостандыққа шықты. Әуекомпанияның сақтандыру компаниялармен келіссөздері де дұрыс емес.»

Авиаапаттарды зерттейтін мемлекетаралық авиационды комиттетінің шешімі бойынша «Itek Air» компаниясына тиесілі Б737-200 ЕХ-009  ұшағының апатқа ұшырау себебі экипаж мүшелерінің минимальды биіктік көрсеткішінен ұшақты төмен түсіріп жіберген және кабинаның разгерметизациясының салдарынан болған. Ұшақ 1979 жылы шығып 2008 жылдың мамыр айында толық техникалық тексерістен өткен. Қырғызстанның  барлық авиокомпаниялары ЕС «қара тізіміне» енген, яғни, оларға  Еуропалық одақтың шекарасынан ұшуға рұқсат берілмеген.

Сол апатта тірі қалған 22 адамның бірі ирандық Али Хаземи біздің елге арнайы келген. Ол апат салдары басқа себептен болған деп есептейді. Айтуынша ұшу барысында биіктік деңгейін көрсететін құрылғы(датчик) жұмыс жасамай қалған. Соның салдарынан орны толмас оқиға орын алды.

Қазақстандық азаматтардың туыстары  Ирандық Әуекомпаниядан сақтандыру төлемдерін  қалай өндіріп алуға болатындығын білмей дал болуда.  Ал қайтыс болған Мұхтардың туыстары болса шым-шытырық болған шырмау соңынан жүгіруден шаршаған.

Рамазанова Рысгүл

“Мінбер – Ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар