/

Жарнамаға қандай талап қойылады?

1988 рет қаралды
8

Заң бойынша жарнамаға қандай талаптар қойылады және мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы жарнама жөнінде айта кетсеңіз?

Қазақстан Республикасының Жарнама туралы заңының 6-бабына сәйкес жарнамаға мынадай жалпы талаптар қойылады:
1. Жарнама таратылу, орналастырылу нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, тiкелей ұсынылу сәтiнде арнаулы бiлiмсiз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйектi әрi түсiнiктi болуға тиiс.
2. Мерзiмдi баспасөз басылымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде, сондай-ақ жарнама берушiнiң қалауы бойынша басқа да тiлдерде таратылады.
Жарнама мазмұнының бiр тiлден екiншi тiлге аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс.
Бұл ретте теледидар мен радио арқылы мемлекеттiк тiлде берiлетiн жарнама күн сайынғы эфирге шығатын барлық уақыт бойы бiркелкi таратылуға тиiс.
2-1. Мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлiкте бекiтiлген тiлде таратылады.
4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалауға жол берiлмейдi.
Егер жарнама берушi жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиiс болса, онда тиiстi тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалау кезiнде, сондай-ақ жарнама берушiнiң өзiн жарнамалау кезiнде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмiрiн және лицензия берген органның атауын көрсету қажет.
5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелмеген дiни ұйымдар мен дiни оқу орындарын жарнамалауға тыйым салынады.
6. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс.
7. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекеттi (әрекетсiздiктi) қоздырмауға тиiс.
Осы заңның 9-бабына сәйкес мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы жарнама
Мерзiмдi баспасөз басылымдары жарнама объектiлерiн, оның тақырыбын дербес анықтайды.
Жазылым арқылы тарайтын баспасөз құралдары жазылым шарттарында басылымның тақырыптық бағыттамасын көрсетуге мiндеттi.

Дайындаған Жанерке

Парақшамызға жазылыңыз

8 Comments

  1. Заңгер кеңесін жаңалай бастағандарыңыз жақсы бопты. Менің бір сауалым бар еді. Біз журналистік қор ашпақ ойымыз бар еді. Сол мақсатпен жеке кәсіпкерлік (ИП) аштым. Бірақ әріптестерім әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін қоғамдық құру қажет дейді. Мен жеке кәсіпкерлікті қоғамдық қорға (ОФ) айналдыра алам ба?

    • Сәлеметсізбе Бек Жеке кәсіпкер ретінде салық комитетінде тіркеуде болғандықтан Сіз барлық төлемдеріңізді төлеп оны жауып тастағаныңыз жөн. Содан кейін әділет органдарына барып Қоғамдық кор ретінде қайта тіркелесіз? бұр шаралар халыққа қызмет ету орталығы арқылы жүзеге асырылады. Жалпы қоғамдық қордың құқықтық жағдайы жөнінде заңдық кеңес айдарына толығырақ жазармын. Істеріңіз алға бассын

  2. менің ойымша журналистік қор құру үшін ип ашудың пайдасы шамалы. Себебі сіз журналистік қор ашпақсыз, бизнес емес. Әр затты айыра білген дұрыс!

  3. Саламатсыз ба, Жанерке, ақпарат қандай жағдайда жария етілмейді?

  4. Сәлеметсіздер ме! Мен Сулейман Демирел Университетінің, Журналистика мамандығының 1-ші курс студентімін. Менің ойымша сыра сияқты сусындарды жарнамаға мүлдем шығармау керек, Иа, алкогольсіз сусындарды шығаруға рұқсат етілген, дегенмен сыраның аты сыра. Тұтынушыда “мен алкогольсіз сыра ішіп көрдім, неге алкогольмен ішіп көрмеске?” деген ой тууы мүмкін. Сол себепті оны қалай жарнамаламасын айырмашылығы жоқ. Екіншіден, “always” секілді әйел адамның тұтынатын заттарын да жарнамалаудың қажеті жоқ. Себебі ол ішкі киімнің бір түрі емес пе? Оны жарнамаламаса тұтынушылар таусылып қалмайды. Былай да былай оны пайдаланады. Мысалы: кешке жанұямен теледидар алдында отырып, жарнама кезінде сондай нәрселерді көрсетіп жатса, қызы әкесінің алдында өзін ыңғайсыз сезінбей ме? Менің ойымша бұл мәдениетіміз бен ар-ұятымызға кері әсерін тигізіп жатыр. Сіздер бұл жайлы не айтасыздар?

    • Ассалаумагалейкум уятты ен биринши орынга койган казак ели!!! мен Арнурдын ойымен келисемин! расымен де ойландыратын жане карастыратын маселе секилди! жарнаманы дамытамыз деп ягни артык кыламыз деп тыртык кылып алмайык рахмет

  5. Салеметсыздер ме! Арнурдын ойымен толыктай келысемын. Казыргы кезде кышкентай бес жастагы баладан сексендегы шалга дейын теледидар алдында отырады. Сыра тугыл кейбыр уятсыз фильмдердын жарнамаларын да корсетуды койса екен. Кышкентай бала телеарнаны ашса, ар турлы уятсыз не магынасыз жарнамалар журып жатады. Онын барлыгы кышкентай баланын санасына улкен зиянын тигызеды. Рахмет!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі