///

Дүбәра дүние дүмбілез болады

1244 рет қаралды
3

 «АСТАНА – 2012. Мамырдың 17-і күні қазақ баспасөзі тағы бір талғамы биік, талабы зор апталық газетпен толықты». Баспасөз, соның ішінде қазақ тілді БАҚ-тар қалпақтарын  аспанға атып, жар салып жариялап жатыр. Басылымның баспасөз хабарламасына қарасақ «біздің талабымыз зор, талғамымыз биік, ұлтты ұйыстыра алатындай үнпараққа айналсақ деп армандаймыз. Қоғамның қордаланып қалған қоңыр тірлігін қолдан келгенше көтеруге күш салсақ деп үміттенетін арманы асқақ» деп айдарлы сөзді біраз көпірте жазыпты. Қош делік! Жақсы сөз, жарым ырыс. Айтқандары келсін. Алайда мен осы басылымның атауына қарап-ақ жүрегім айныды,  оның айтқандары мен жазғандарының яғни затының атына сәйкес келмей тұрғандығы көңілге бірден күдік ұялатады. Өйткені ат, есім дегеннің өзі ішкі жан дүниеміздің айнасы емес пе? Өздері «құндылықтардың қадірі қашып тұрғанда, қолындағы барды қастерлей алмай жүрген мына заманда» деп айқайлап айтып отырып, өздері сол құндылықтарды қашырып, өздері қолындағы барды бағалай алмай дүбәра болып қалыпты. Басылым аты «ҰЛТ TIMES» дейді. Ал керек болса. Әуелі біз бұны «ұлт» сонан соң «тіме» деп теріс бағынған  жазбаша «s»-нының не екенін білмей дал болдық. Сонан соң басылымның баспасөз хабарламасына қайта жүгіндік. Сөйтсек бұл екі тілдің – қазақ және ағылшын сөздерінің қосындысынан жаратылған шата, будан дейміз бе «метис» атау екен. Ұлтымыз ұлт та, times қандайда бір тімес емес, латынша таңбаланған ағылшынның уақыт (сағат) деген сөзі екен. «Times» деген атауында тұрғандай, қазақтың Ұлт сағаты соқты!» дейді өздері ұялмай-қызармай. Ендеше, ол ұлт сағаты болса, оны дүбәралмай, дүмбілездемей, будандастырмай-ақ неге солай атамайды. Дүбәра қазақтан дүбәра тіл жасағысы келе ме? Үкімет ағылшын тілін үйрен дегені болмаса қазақ тілін қойырпақтап, одан тәжірибе жасап, қолмен іштендіріп, будандастыр, будандаспаса бір-біріне қосақтап, жапсырып, тіркеп қой деген жоқ қой! «Жаны ашыған сымақтар» жаңағы өздері айтып отырған, ұлттық құндылықтардың бәрі далада қалмады ма? Нағыз екі жүзділік осы емес пе? Міне, ағайын қайран тілім қор болды қазақтардың езіне. Бұған не дейсің? Қойырпағымыз бұрын да аз емес еді. Енді оны ағылшының тіл-жазуымен шұбарласақ жетіскен екеміз. «Әй-иии, жарамсақтық-ай! Түбінде қазақты осы жарамсақтық құртады. Осындай дүбәралыққа жол беріп қойғанымыз жөн бе? Дүбәра дүние дүмбілез болады. Оданда мұндай дүбәра дүниелерді көзден таса еткен дұрыс.

Қарамер

 

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Бұлар қазақ үшін емес, қалайда үкіметтің көңілін тауып, ақша алсам деп жүргендер. Өздерінше әлгі үш тұғырлы тіл деген өлмеші мақсаттарын орындағагн сымақ болғандары. ұят жоқ қой, ұят жоқ. қаның қайнайды.

  2. Сәлеметсиз бе Бозторғай? Алдымен басылымның нендей тақырыптарды қаузайтындығымен танысып көргеніңіз дұрыс болар сыртынан сын айтпақ бұрын. Аты көңіліңізден шықпаса да, заты талапқа сай келетіндігіне көзім жетті. Сізде көзіңізді жеткізіңіз.

  3. Осы қойыртпақтарыңды қашан қоясыңдар. Әр нәрсе атына, заты сай болғанда ғана дұрыс болады, адасқан өздерің адасып жүре беріңдер, елді адастырмаңдар, тай-мыс-ты сен білетін шығарсың?! мен білмеймін.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі